Онлайн олимпиаданың қатысушылары еріктіліктің әлеуметтік аспектісін ұсынды
Алматыда студенттер арасында өткен әлеуметтанудан XII республикалық пәндік олимпиаданың қорытындысы шығарылды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінің әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы ұйымдастырған зияткерлік сайыс ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының қолдауымен онлайн форматта өтті.
Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Түркістан және Орал қалаларынан жеті студенттік команда әлеуметтану ғылымының үздік атағы үшін күресті. Олимпиаданың шарттарына сәйкес командалар «Қазіргі қоғамдағы еріктілік: әлеуметтік перспектива» тақырыбында ғылыми жобаларын ұсынды.
2020 жыл Қазақстанда еріктілер жылы деп жарияланды, яғни қайырымды істер мен көмекті көрсететін және ол үшін ешқандай ақы немесе мадақ талап етпестен атқарылатын риясыз іс-әрекеттер қолдау табады. Осыған байланысты қатысушыларды еріктіліктің заманауи қоғамның дамуына әсерінің әлеуметтік аспектісін қарастыруға шақырды.
- Олимпиадаға қатысушылар бұл мәселеге өте байыпты қарады, және өздерінің ғылыми жобаларында тақырыптың өзектілігін теориялық тұрғыдан ашып, ғылыми негіздеме берді және әлеуметтік зерттеулердің бірнеше әдістерін қолданды. Ғылыми жұмыстар мен жобалар келесі критерийлер бойынша бағаланды: ғылыми жұмыстың теориялық негіздемесі, нәтижелердің практикалық маңыздылығы, ұжымның зерттеуге қосқан үлесі, дәлелдеу (презентация логикасы, қорытынды жасай білу, зерттеуді қорытындылау) және басқалары, - деп атап өтті Олимпиаданың қазылар алқасының төрағасы, Алматы қаласындағы қоғамдық пікірді зерттеу орталығының директоры Гүлжан Әлімбекова.
Қатысушылардың әрқайсысы өздері оқитын мамандықтағы кәсіби біліктілігін көрсетіп қана қоймай, бәсекеге қабілеттіліктерін де көрсете алды.
Тартысты өткен олимпиаданың нәтижесі бойынша, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Alive» командасы ҚР Білім және ғылым министрлігінің І дәрежелі дипломына ие болды. Күміс жүлдені М.Өтемісов атындағы БҚМУ «Рухани батыс» командасы мен Л.Гумилев атындағы ЕҰУ өкілдері «Социомен» командалары өз ара бөлісті. Үшінші орын «Ideal Generation» (ҚҰӘПУ), «Демоскоп 2020» (Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ) және «Ясауи» (Х. А. Ясауи атындағыХҚТУ) иеленді
ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының
Баспасөз қызметі
PR-менеджер Жумашев Артур
+7 708 960 56 13
pr.zhumashev@gmail.com