ҚР Білім және ғылым вице-министрі «Қашықтан оқыту - білім беру жүйесін жетілдіруге жасалған қадам» тақырыбында өтетін пікірталас алаңына қатысады.
ҚР Тұңғыш Президент Қоры мен «Елбасы Академиясы» Корпоративтік қоры «Birge Oqý» жобасының аясында өтіп жатқан қашықтан оқыту бойынша эфирлер топтамасын одан әрі жалғастырады.
Ертең, 17 сәуір күні, сағат 19.00-де «Қашықтан оқыту - білім беру жүйесін жетілдіруге жасалған қадам» тақырыбында онлайн эфир өтеді.
«Birge Oqý» дамытушы пікірталас алаңында отандық сарапшылар жоғары білім беруде қашықтықтан оқыту технологиялары мен олардың біздің елімізде қолдану тәжірибесін талқылап, жетістіктер мен қиындықтар туралы әңгімелейді, онлайн-оқытудың дағдарыстан кейінгі салдарын болжайды.
Тікелей эфир барысында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари студенттерді қашықтан оқыту саласындағы озық технологиялар туралы баяндайды.
Спикерлер қатарында сондай-ақ Алматы Менеджмент Университетінің білім беру саласындағы зерттеушісі, ЭЫДҰ дағдыларды дамыту саласындағы кеңесшісі - Алия Бижанова, UIB Университетінің Президенті - Ахмед-Заки Дархан Жұмаханұлы, «Ақпараттық-сараптамалық орталық» АҚ халықаралық салыстырмалы зерттеулер департаментінің жоба менеджері - Зуева Айгерім Еркінқызы болады. Пікірталас алаңының модераторы – «Елбасы Академиясы» КҚ Директорының орынбасары, Әнуар Жанғозин.
Эфир өтетін күн мен уақыты: 17 сәуір 2020 ж,. сағат: 19:00.
Эфирді "Birge oqý" жобасының Youtube және Facebook ресми арналарында көруге болады.