news-img

АЛМАТЫ. БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ. 23.04.20 - 2020 жылғы 24-26 сәуір аралығында Қазақстан Республикасында стартаптар үшін Global Online Startup Weekend: COVID-19 Edition виртуалды байқауы өтеді. Бұл COVID-19 пандемиясынан туындаған әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған жаһандық бастама. Жергілікті Стартап-аптаны өткізу идеясын ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы Қоры, MOST бизнес-инкубаторы және Алматы облысының Туризм басқармасы көтерді.

Отандық Global Online Startup Weekend: COVID-19 Edition апталығына еліміздің барлық аймақтарынан 100-ден астам Қазақстан экономикасының тұрақты дамуына арналған инновациялық шешімдердің авторлары қатысады. Іс-шараның басты мақсаты - денсаулық сақтау, білім беру, қауіпсіздік, қоршаған орта және туризм саласы бетпебет келген әлеуметтік және іскерлік мәселелерді жеңілдету үшін технологиялық шешімдердің краудсорсингі.

Түпнұсқа идеяларды әзірлеушілер, инноваторлар, бизнес құрылымдар, ҮЕҰ және қоғамның басқа да белсенді мүшелері жаңа технологияларды қолдана отырып, коронавирустық дағдарысты еңсерудің шешімдерінің прототиптерін жасау үшін бір алаңға бірігеді.

- Адамзат тарихына көз жүгіртсек,  қиын-қыстау уақытта бірегей идеялар пайда болады, әр түрлі салада жаңашыл жолдар ұсынылады. Жалпыға бірдей проблема елінің және бүкіл әлемнің болашағына бей-жай қарамайтын адамдарды жұмылдырады. Techstars Startup Weekend ғаламдық бастамасы проблемаларды шешуде топ болып бірігуге шақырады. Бүгінгі таңда бұл шешім баламасы болуы мүмкін, бірақ мақсатты қолдаумен және тәжірибелі тәлімгерлердің көмегімен кез-келген идея жүзеге асады. Бұл байқау, Тұңғыш Президент Қорының кез-келген жобасы сияқты, ең алдымен, ерекше және шығармашылық жобалар жасайтын талантты қазақстандықтарды анықтауға бағытталған, - деді Елбасы қорының Алматыдағы өкілдігінің директоры Сергей Тохтаров.

Сайыс үш кезеңнен тұрады. 200-ден астам идеяның ішінен қазылар алқасы екінші айналымға 100 түпнұсқалық өтінімді таңдап алды. Бұл кезеңде қатысушылар өз идеяларының прототипін құру арқылы бірлескен шешімге келу үшін 5-10 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. 26 сәуірде өтетін қорытынды кезеңде әділқазылар алқасы бірнеше жеңімпаздарды анықтайды. Екінші және үшінші кезеңдер https://discordapp.com/invite/4gCBhJ  мекен-жайы бойынша Discord онлайн алаңында өтеді.

- Қазіргі уақытта вирус әлемнің 200-ден астам елдеріне әсер етті, олар экономикалық және әлеуметтік сипаттағы проблемаларға тап болды. Туризм секторы пандемиядан зардап шеккендердің бірі болғандықтан, біз БҰҰ-ның «Туризмге арналған емдік шешімдер» және Дүниежүзілік Туристік Ұйымның жаһандық бастамаларын және халықаралық Techstars Online Global Start-Weekend: COVID-19 апталығын қолдауға шешім қабылдадық. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін және ортақ күш-жігердің арқасында біз нәтижелі шешімдерді таба аламыз деп сенемін. Біздің серіктестерімізге,  ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорына, «Алматы облысының Туризм басқармасы» ММ көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтқым келеді. Бұл мемлекеттік органдардың, коммерциялық емес қорлар мен нарық субъектілері тарапынан сөзбен емес, іс жүзінде инновациялық дамуға деген қызығушылықтың артып келе жатқандығын тағы бір дәлелдейді, - деді MOST бизнес-инкубаторының директоры Алим Хамитов.

Стартап-байқаудың жүлде қоры миллион теңгені құрайды. Сонымен қатар финалистердің бірі Сингапурде 2020 жылдың шілдесіне жоспарланған эксклюзивті Techstars Innovation Bootcamp шарасына қатысады.

Startup Weekend - бұл стартапты 3 күнде іске қосуға көмектесетін халықаралық модель. 54  сағат ішінде қатысушылар топ құруға, жобалар туралы идеялар құруға, өз жобаларын әзірлеу үшін қажетті білім мен статистикалық мәліметтер алуға мүмкіндік алады.

Осы уақыт аралығында Startup Weekend қатысушылары туризм, денсаулық сақтау, экология, әлеуметтік қолдау, ауыл шаруашылығы, көлік, қауіпсіздік, еріктілік және ойын-сауық салаларындағы тапсырмалар бойынша мәселелерді шешуі керек.

Қазылар алқасы басшылыққа алатын негізгі критерийлер: шешімнің өзектілігі, жаңалығы, прототиптің болуы.

Толық ақпарат: http://most.com.kz/startupweekend

Іс-шараны Here Tecghnologies, Digital Ocean, Chemodan.kz туристік агенттік желісі, Бірінші визалық қолдау орталығы, Go Viral және «Қазақстанның әлеуметтік және қоғамдық қорының көшбасшылары» ҚҚ қолдады

Ақпараттық серіктес: Profit.kz IT-порталы.

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының
Баспасөз қызметі
PR-менеджер Жумашев Артур
+7 708 960 56 13
pr.zhumashev@gmail.com

Түсініктеме қалдыру