Өзгерістерді басқару бойынша салалық менеджерлерді даярлау Бағдарламасының қосымша іріктеу байқауы аяқталды
Өзгерістерді басқару бойынша салалық менеджерлерді даярлау бағдарламасын жүзеге асырушы «Елбасы Академиясы» осы жылдың 30 наурызынан 20 сәуірге дейін үміткерлерді іріктеу мақсатында қосымша байқау өткізді.
Қосымша іріктеу байқауы келесі салаларда өтті:
- медиа индустрия;
- геологиялық барлау;
- білім;
- өнеркәсіп (оның ішінде жаңа индустриялар)
2020 жылдың 20 сәуіріне байқауға қатысуға 458 өтініш қабылданды. Олардың барлығы квалификациялық талаптарға және саланың мақсаттар сәйкестігіне тексерілді. Осылайша келесі кезеңге 185 үміткер іріктеліп алынды.
Қосымша іріктеуден өткен үміткерлер ендігі кезекте қашықтан тестілеу сынағынан өтеді. 23 сәуір күні сағат 17:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан уақытымен) іріктеуден өткен әрбір үміткер электронды поштасына тестің демо-нұсқасын, сондай-ақ оның айрықша сілтемесін алды.
Қашықтан тестілеу сөзді-сандық тестілер, сондай-ақ құзыреттілікті бағалау және жеке потенциалды бағалау бөлімдерінен тұрады. Тестіден өтуге 3 күн берілген.
Маңызды!
Сілтеме 23.04.2020 ж. сағат 13:00-ден бастап, 25.04.2020 ж. 23:59-ға дейін (Нұр-Сұлтан уақытымен) жұмыс істейді.
Тестілеуді 25.04.2020 ж. сағат 23:59-ға дейін толығымен аяқтау керек.
Сондай-ақ бұған дейін тестілеуден өткен үміткерлерді сұхбаттасу кезеңінен өткізу жалғасуда. Бүгінгі күнге салалық командалардың сарапшылары мен мамандары рөлінен үміткерлермен барлығы 428 сұхбат жүргізілді.
Жоба туралы толық ақпаратты Facebook – o.mamagers және Telegram – managerskz парақшаларынан оқыңыз.
Қосымша ақпартты call-орталықтың 7170 нөміріне хабарласып алуға болады, қоңырау шалу тегін.