news-img

«Шынайы әлемдегі жобаларды іске асыру» шеберлік сабағы қатысушыларға жаңа өнімді әзірлеу және оны коммерцияландыру процесін көрсетті. Оны ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры жанындағы Ғылыми кеңестің мүшесі, жас ғалым - химик Николай Верещагин өткізді. Баяндамашы тұжырымдамадан прототипке және одан әрі жобаны коммерциализациялауға көшуге баса назар аударды.

Онлайн форматта өткен кездесуге Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, ҚазҰАУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, КазМУНО, ҚазҰМУ, Алматы технологиялық университеті, Марат Оспанов атындағы БҚМУ, «Қазақ тағам және қайта өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Астана филиалының оқытушылары, зерттеушілері, еліміздің жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының докторанттары қатысты.

- Іс-шара барысында студенттер жобаны іске асырудың практикалық тәсілдерімен - инвестициялық жоспардан жобаның өмірлік циклінің соңына дейінгі кезеңмен танысты. Атап айтқанда, жобалық жұмысты құрылымдау және жүйелеу, оның барлық қатысушылары арасындағы тиімді өзара әрекеттесу, өнім сапасына қойылатын талаптар, сондай-ақ оны іске асыру және шығындар мерзімдері қарастырылды», - деді Л.Н Гумилев атыдағы ЕҰУ Ғылым және инновациялар департаментінің ғылыми бөлімінің бастығы Әсел Сейпішева.

Николай Верещагиннің өндірістік, тамақ және медициналық қалдықтарды өңдеу саласындағы жобаларды жүзеге асыруда бай тәжірибесі бар екенін атап өткен жөн.

Сонымен қатар, мастер-класс жетекшісі жас зерттеушілерді қызықтыратын келесі бағыттар бойынша толық түсіндірмелер берді: неге жобаны қаржыландыру инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың негізгі тәсілдерінің бірі, оның принциптері, артықшылықтары мен кемшіліктері; банктер қандай жобаларды қабылдай алады және қарыз алушыларға қандай талаптар қояды. Жобаларды іске асыру кезінде туындайтын тәуекелдер, экономикалық тиімділіктің негізгі көрсеткіштері, несиелік келісімнің құрылымы мен мазмұны және қарыз алушы мен несие берушінің өзара іс-қимылының басқа аспектілері де қарастырылды.

Жобаны жүзеге асыру кезеңінде тұрған кездесуге қатысушылар команданы жігерлендіру, дағдарыс жағдайында жұмысты әрі қарай жылжыту және оның ерекшеліктері туралы сұрақтар қойып, команданы оңтайландыру бойынша ұсыныстар алды.

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының
Баспасөз қызметі
PR-менеджер Жумашев Артур
+7 708 960 56 13
pr.zhumashev@gmail.com

 

Түсініктеме қалдыру