news-img

Кеше БҒМ әдістемелік ұсынымдарды қарастырды.  Оқушылар үшін БЖБ мен ТЖБ біршама өзгеріспен әдеттегі форматта өтетін болды. Алайда  пандемия жағдайында бағалау материалдарын құрастырып, оқушылардың білім деңгейін анықтайтын  мұғалімдердің жауапкершілігі арта түсті.

Осы ретте ұстаздардың көпшілігі төмендегі сұрақтардың жауабын іздеуде:   

  • БЖБ мен ТЖБ орындау үшін оқушыға қанша уақыт қажет?
  • Тілдік пәндерде оқушыларды бағалау қалай жүреді?
  • Оқушыларды және бақылау жұмыстарын бағалау үшін қандай веб-қызметтерді қолданған дұрыс? 

Толық нұсқаулық пен сұрақтардың жауабы бүгін 28 сәуірде «Birge oqý» пікірталас алаңында 18:00-де қазақ тілінде, 19:30-да орыс тілінде талқыланады.

Эфирді «Birge oqý» жобасының Youtube және Facebook ресми парақшаларында көруге болады.

Түсініктеме қалдыру