news-img

АЛМАТЫ. БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ. ТПҚ. 13 мамыр 2020 ж. /сәрсенбі/ күні Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры өткізетін әлеуметтік идеялар мен жобалардың дәстүрлі жәрмеңкесі басталады. Жәрмеңке биыл «Тұрақты даму мүдделері үшін жаһандық проблемаларды локалды шешу» тақырыбында өтеді. Пандемия жағдайында үшінші секторды дамыту саласындағы ауқымды оқиға онлайн форматта өтеді.

Осы маусымда Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің басты назарында - тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізуге бағытталған азаматтық бастамалар, оларды орындау міндеттемелерін біздің еліміз де алған болатын. Естеріңізге сала кетейік, 25 Қыркүйек 2015 ж. БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде әлемдік көшбасшылар, соның ішінде мемлекет және үкімет басшылары кедейлікті жоюға, теңсіздік пен әділетсіздікпен күреске, сондай-ақ климаттық өзгерістерге байланысты проблемаларды шешуге бағытталған тұрақты дамудың 17 мақсаттарының тізімін қамтитын 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған тұрақты даму саласындағы күн тәртібін қабылдады.

Конкурс мақсаты тұрақты даму мақсаттарын іске асыру процесіне ҮЕҰ мен азаматтық қоғам институттарының рөлін күшейту және тарту, өзекті әлеуметтік және қоғамдық маңызды мәселелерді шешуге ҮЕҰ әлеуетін тарту, сондай-ақ одан әрі StartUp - қаржыландыру үшін азаматтық бастамаларды қолдау болып табылады.

Жәрмеңке тақырыбы үш номинация бойынша анықталды, олар бойынша ҮЕҰ өкілдері конкурсқа өз идеяларын берді: "Тең мүмкіндіктер қоғамы — Тұрақты Дамудың стратегиялық бағдары", "Тұрақты Даму мақсатындағы әлеуметтік кәсіпкерлік", "Тұрақты Даму мақсаты: қоршаған ортамен үйлесімде болу".

Байқауға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және 14 облыстан, соның ішінде моноқалалар мен шалғай елді мекендерден барлығы ҮЕҰ-ның 158 жобасы ұсынылды. Айта кету керек, жәрмеңке міндеттерінің бірі өзекті әлеуметтік және қоғамдық маңызды мәселелерді шешуге бағытталған жергілікті бастамаларды қаржылық қолдау болып табылады.

Байқаудың ақтық кезеңіне қазылар алқасының шешімі бойынша Тұрақты Даму мүддесінде жергілікті қоғамдастық өмірінің экологиялық, әлеуметтік және экономикалық мәселелерін анықтауға және еңсеруге бағытталған 50 әлеуметтік жоба шықты. Олар өз идеяларын таныстыруы, іске асыруға арналған бюджеттерді қорғауы және конкурстық комиссия мүшелерінің нақты сұрақтарына қашықтық форматта жауап беруі тиіс. Осы турдың қорытындысы бойынша жобаларын жұүзеге асыру үшін  Елбасы қорының гранттық қолдауын алатын ҮЕҰ-ның үздік жобалары анықталады.

Алайда, әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі - бұл тек үздік жобаларды көрсету ғана емес, сонымен қатар коммерциялық емес ұйымдарды, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту және олардың идеяларын кеңінен насихаттау саласында жыл сайын білім, тәжірибе және үздік тәжірибелермен алмасу болатын ҮЕҰ өкілдеріне арналған республикалық пікірталас және білім беру платформасы.

Биылғы жылы жәрмеңкенің білім беру бағдарламасы екі вебинардан тұрады. Біріншісі 13 мамырда қоғамдық қайраткер және PR-сарапшы Анна Шелепова өткізетін "БАҚ пен ҮЕҰ арасында тиімді коммуникацияларды қалай құру керек" тақырыбында өтеді. Іс-шараның екінші күні, 14 мамырда, сертификатталған тренер және Henley Business School (Ұлыбритания) бизнес-инкубациялау бағдарламалары мен экожүйелер стартап саласындағы зерттеуші Данияр Медетов өзінің вебинарында цифрлау арқылы әлеуметтік кәсіпкерліктің тұрақтылығы туралы құнды ұсыныстарын айтып береді. Тегін өтетін вебинарларға еліміздің барлық ҮЕҰ өкілдері мен басшылары қатыса алады.

Вебинарларға тіркелу:

• 13 мамыр - "БАҚ пен ҮЕҰ арасында тиімді коммуникацияларды қалай құру керек". Тіркеуге сілтеме;

• 14 мамыр — "Құнды ұсынысты цифрлау арқылы әлеуметтік кәсіпкерліктің тұрақтылығы". Тіркеуге сілтеме.

Барлық тіркелген қатысушыларға тіркелу кезінде көрсетілген e-mail бойынша вебинарға қатысу сілтемесі жіберіледі.

Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау 2020 жылғы 14 мамырда өтеді.

Конкурстық комиссия мүшелері: ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының Алматы қаласындағы өкілдігінің директоры Сергей Тоқтаров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова, Түзету педагогикасы ұлттық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғалия Абаева, "Время" газетінің тілшісі Ксения Евдокименко, "Азамат әлуеті" ҚҚ президенті Алмагүл Сейсенова, Әлеуметтік кәсіпкерлік мектебінің негізін қалаушы Эмин Әскеров, Елбасы Қоры жанындағы салалық менеджерлердің білім беру бағыты бойынша көшбасшысы Алмагүл Қанағатова, әлеуметтік жобалар бойынша тәуелсіз сарапшы Асқар Қалиев, "ЮНЕСКО Клубтарының Қазақстан федерациясы" ҚБ вице-президенті Серкан Аязбаев, "Исток" балалар мен жастар шығармашылығы орталығы " ҚБ төрайымы Людмила Михайлова. Конкурстық комиссияның хатшысы: ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры жобаларының аға үйлестірушісі Гүлнар Ершіманова.

Жәрмеңкеде БАҚ өкілдерінің қатысуы, қатысушылармен сұхбат ұйымдастыру және қосымша материалдар алу үшін төменде көрсетілген байланыстар бойынша ғана хабарласуларыңызды сұраймыз.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының
Баспасөз қызметі

PR-менеджер Жумашев Артур
+7 708 960 56 13
pr.zhumashev@gmail.com

Түсініктеме қалдыру