Назипа Аюбаева: «Балалардың дағдыларын дамыту маңызды»
«Назарбаев Қоры» білім жөніндегі бас сарапшысы Назипа Аюбаева fpp.kz сайтына берген сұхбатында «Birge oqý» пікірталас алаңының маңыздылығын бағалады. Естеріңізге сала кетейік, «Birge oqý» жобасының жүзеге асуы ҚР Тұңғыш Президенті Қоры мен "Елбасы академиясы" ҚФ коронавирус пандемиясы жағдайында білім беру жүйесін қолдауға қосқан қомақты үлесі болды.
- Назипа Алтынбекқызы, «Birge oqý» онлайн-платформасын жедел құру Қазақстанның білім беру жүйесі үшін қандай рөл атқарды?
- Мұғалімдерге практикалық көмек көрсету үшін онлайн-платформа құру және білім беру саласындағы мамандарға және зерттеушілерге өз тәжірибесімен, жұмыстарымен және идеяларымен бөлісуге мүмкіндік беру дұрыс шешім болды деп ойлаймын. Платформаны уақытында өрістетіп, өз аудиториясын жинай бастағаны өте жақсы.
- Жақында оқу жылы аяқталады. Сіздің ойыңызша, білім беру саласында жаз бойы қандай тақырыптар мен мәселелерді шешу керек?
- Мен мектепте білім беру маманымын, сондықтан осы саладағы тақырыптарды қозғайын. Коронавирус тек Қазақстанға ғана әсер етіп қоймады, қазір бүкіл әлем пандемиядан кейін және ол қайталанған жағдайда мектепте білім беру қалай болатынын талқылауда. Әр түрлі сценарийлерге дайын болу керек.
Өкінішке орай, бүгінгі таңда карантиндік уақытта мектеп білімінің қандай болуына байланысты көптеген талқылаулар мектептердің, балалар мен мұғалімдердің қарым-қатынасына қажет техникалық құралдардың және білім беру платформаларына қолжетімділік аясынан шықпай жатыр. Көп жағдайда ол технократтардың, яғни ІТ-мамандардың көқарасы. Бірақ мен бұл мәселенің де маңыздылығын жоққа шығара алмаймын.
Мектептер ішінара немесе толық (карантин қайталанған жағдайда) қашықтан оқытуға көшкен жағдайда, менің ойымша білім беру саласының мамандары білім беру, педагогика, дидактика және бағалау жүйесіндегі алдағы өзгерістерге байланысты мәселелерді белсенді талқылауы керек. Мысалы, мектептер оқушының қашықтан оқудың әділ өтуін қалай қамтамасыз етуді қалай жоспарлайды? Плагиат долын қалай кеседі? Егер біз бұл мәселені қашықтан оқытуға көшудің ерте кезеңінде қолға ламасақ, сыныптасыңнан болмаса, басқа көздерден көшіріп алу қашықтан оқытудың үйреншікті әдетіне айналу қауіпі бар.
Менің ойымша, біз карантиннен шыққан кезде, балалардың өз бетінше білім алуы мен дамуы үшін жауапкершілікті және дербестікті дамытуға баса назар аударуымыз керек. Ол үшін мұғалімдерге, толық болмаса да, оқу бағдарламасының, оқытудың педагогикасы мен методологиясын және оқушылардың жетістіктерін бағалау жүйесін қайта қарау қажет. Мұның бәрін жаз бойы жасау керек. Мұғалімдер әр баланың оқыту траекториясын анықтауға және оқыту тәсілдерін таңдауда икемділікке және бейімделуге дайын болуы тиіс. Бір сөзбен айтқанда, дербестендірілген оқытуға көшу, яғни оқушы өзіне қызық болғандықтан жаңа білімге үйреніп, үй тапсырмасын жасайды.
- Сіз Білім беру саласы бойынша Кембриджде диссертациялық жұмыс қорғаған алғашқы қазақстандықсыз. Ұстаздарға қандай кеңес бересіз, әрі қарай кәсіби өсу үшін оларды қалай ынталандыруға болады?
Мен атап өткендей, мұғалімдер әр баланың икемділігіне және бейімділігіне және оқу траекториясын анықтауға дайын болуы тиіс. Ал бұл өз кезегінде мұғалімдердің кәсіби дербестігін сезіну көлеміне байланысты. Яғни, мұғалімдер сабақ беретін пәннің оқу бағдарламасын қайта қарау, қойылған оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін әртүрлі ресурстарды пайдалану, ғылым тұрғысынан олар формативті және жиынтық бағалау үшін тапсырмаларды қаншалықты креативті және жинақы әзірлей алады және осының барлығы оқушының материалды меңгеру қарқынына байланысты болуы тиіс. Кәсіби дербестік - бұл сондай-ақ өзінің үздіксіз оқуы үшін және мұғалімнің біліктілікті арттыру курстарынан өту жауапкершілігі.
Өкінішке орай, Қазақстандағы мұғалімдер, мысалы фин мектептерінде жасалғандай, кәсіби автономияны толық көлемде тәжірибеде қолданбайды. Біз білім беру мазмұны, оқу бағдарламалары, педагогика және оқыту әдістері, бағалау жүйесі нормативтік құжаттар түрінде министрліктен келгеніне дағдыланып қалғанбыз. Осыған байланысты, қазір мұғалімдерге кәсіби автономияны пайдалануды және қайта құруды, қашықтан оқыту жағына қарай болып жатқан өзгерістерді ескере отырып, өзінің педагогикалық қызметін қайта қарауды талап ету дұрыс емес. Дегенмен, көптеген мұғалімдер қашықтан оқытуға көшу білім берудің жаңартылған мазмұнының арқасында қиынға соққан жоқ. Бүгінгі жағдай оларға көбірек шығармашылық пен еркіндік берді.
Қашықтан оқытуға көшу кезінде «Бақылау жүйесі» жұмыс істемейді, ал оның орнына мұғалімнің өзінің кәсібилігіне деген сенімі іске қосылады, ол "сенім жүйесінде" білінеді: қоғамның мұғалімнің кәсібилігіне деген сенімі, оқушы мен мұғалім арасындағы сенім, ата-аналардың мұғалімге деген сенімі. Кәсіби шеберлік пен педагогикалық шеберлік-мұғалім мамандығының ең басты құндылықтар. Бірақ, бізге карантин көрсеткендей, мұғалімдер жалғыз дами алмайды. Оның орнына, мұғалімдер, егер олар кәсіби қауымдастықтарға біріктірілсе, және мұғалімдер өзара оқыту мақсатында ынтымақтаса жұмыс істесе, тезірек қайта құрылады. Мысалы, «Birge oqý» платформасы жеке мұғалімнің өзін-өзі дамытуына, сондай-ақ жалпы мақсаттарға жету үшін ұжымдық капиталды дамытуға мүмкіндік береді.
Мен ағылшын философы және білім беру жүйесінің реформаторы профессор Лауренс Стнехауздың сөздерін жиі айтамын. Ол "тек мұғалімдер ғана орта мектепті іштен түсініп өзгерте алады" (Стенхауз, 1981) дейді. Мен бұл сөздің растығына сенемін. Осыған байланысты, менің ойымша, білім беру саласындағы барлық мүдделі тараптар кез келген белгісіз жағдайларда мектеп оқуын қалай өзгерту туралы шешім қабылдауы үшін мұғалімдер үшін барлық жағдайды жасауы тиіс.
- Сұхбат үшін рахмет.