Әлеуметтік идеялар мен жобалардың XVI жәрмеңкесінің жеңімпаздары анықталды
АЛМАТЫ. БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ МФПП. 14.05.20 – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры «Тұрақты даму мүддесіндегі жаһандық проблемаларды жергілікті шешу» XVI республикалық әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің қорытындысын шығарды. Екі күн ішінде коммерциялық емес сектордың 50 өкілі қазақстандық қоғамды дамытуға бағытталған идеяларды көрсетті. Олардың 15-і жәрмеңке жеңімпаздары ҚР Тұңғыш Президенті Қорының жобаларды жүзеге асыру гранттарына ие болды.
Дәстүрлі жәрмеңкенің алдындағы әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауы 2020 жылдың 10 ақпаны мен 10 сәуірі аралығында өтті. Ел бойынша күшейтілген карантиндік шараларға қарамастан, өтінімдерді қабылдау және бастапқы іріктеу бұрын жарияланған мерзімдерге қатаң сәйкестікте өтті. Байқау комиссиясы барлығы Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан және 14 облыстан, моноқалалар мен шалғай елді мекендерден 158 жоба қабылдады.
Конкурс тұжырымдамасы 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму мақсаттары саласындағы (ТДМ) күн тәртібінің контексінде жүзеге асырылды. «Тұрақты даму мүддесіндегі жаһандық проблемаларды жергілікті шешу» байқауының тақырыбы үш номинация бойынша анықталып, қазылар алқасына ұсынылды: «Тең мүмкіндіктер қоғамы - тұрақты дамудың стратегиялық бағдары», «Тұрақты даму мақсатындағы әлеуметтік кәсіпкерлік», «Тұрақты даму мақсаттары: қоршаған ортамен үйлесімде».
Байқау шарттарына сәйкес финалға азаматтық қоғамның 50 өкілі шықты, олардың ішінде: ҮЕҰ, жастардың бастамашыл топтары, этникалық одақтар, қызығушылықтары бойынша клубтар және қоғам дамуына немқұрайлы қарамайтын азаматтар бар. Конкурстың қорытынды кезеңі екі күн бойы Әлеуметтік идеялар жәрмеңкесі аясында өтті. Елде жарияланған ТЖ режиміне және карантинге байланысты ұйымдастырушылармен финалды өткізу мерзімін кейінге шегермеу және оны онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдады.
Әлеуметтік идеялар мен жобалардың сандық жәрмеңкесі - оның барлық қатысушылары: ұйымдастырушы, қазылар алқасы және конкурсқа қатысушылардың өздері үшін жаңа формат. Іс жүзінде ол өзінің өзектілігін, тиімділігін және қажеттілігін дәлелдеді. Қатысушылар мекен-жайынан тыс жерге шықпай, финалға дайындалып, үйден шықпай, Конкурстық комиссия мүшелеріне идеяларды ұсынды.
Қашықтан атқарылатын жұмыс түріне көшудің арқасында, білім беру бағдарламасына ҮЕҰ өкілдері дәстүрлі форматта өткізілген байқауға қарағанда көбірек қатысты. Іс-шараның дамыту платформасы қатысушыларға ҮЕҰ-дан және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту саласындағы сарапшылар жүргізген вебинарларды ұсынды.
Қоғамдық қайраткер және PR-сарапшы Анна Шелепованың «БАҚ пен ҮЕҰ арасында тиімді коммуникацияларды қалай құру керек» вебинарының тыңдаушылары БАҚ қызығушылығын тудыратын брендті қалай жасау керектігін, көңіл бөлдіретін, өзекті, қызықты ақпарат жазуды, БАҚ шығарылымдарын көбейту тәсілдерін үйренді. Сертификатталған трекер Данияр Медетовпен онлайн-кездесуде үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлері мен басшылары кез келген әлеуметтік стартаптың, ҮЕҰ мен бизнестің құндылықты ұсыныстарын анықтау құралдарымен танысты, сондай-ақ таргет-топты сегменттеу және прототиптерді немесе идеяларды валидациялау алгоритмдерін зерттеді.
Айта кету керек, Елбасы Қоры 16 жыл бойы өткізген әлеуметтік идеялар мен жобалар конкурсының ерекшелігі мынадай: республикалық мәртебе (елдің барлық қатысушылары); конкурстың ашықтығы (комиссия түрлі салалардағы мүдделі сарапшылар қатарынан құрылады); жүйелілік; қоғамдағы белгілі бір проблемалар мен міндеттерге сәйкес тақырыптар мен номинациялардың өзектілігі; уақыт пен қолдау көрсетілетін жобалармен тексерілген тұрақтылық; дәстүрді сақтау және өткізу форматын оңтайландырып отыру.
- Жыл сайын жәрмеңке қатысушыларының арасында қатысушылардың әлеуметтік кәсіпкерлікке белсенді қатысуы байқалады. Сондай-ақ, әлеуметтік проблемаларды шешуге нақты бағдарлаудан тұратын жобалардың айтарлықтай ілгерілеуін көруге болады. Конкурсқа назардың артққаны және сәйкесінше берілетін өтінімдер саны өсуі қуантпай қоймайды. Әрине, барлығына қолдау көрсету мүмкін емес, бірақ ҮЕҰ-ның қызықты да жарқын бастамалары көбейгенін атап өту керек. Тұңғыш Президент қоры осы маңызды жұмысты әрі қарай да жүргізеді деп үміттенемін және осының арқасында әлеуметтік кәсіпкерлік осы трендтің дамуына түрткі болатын жаңа деңгейге көшуі мүмкін,- деп атап өтті конкурстық комиссияның мүшесі, Әлеуметтік кәсіпкер Эмин Аскеров.
Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің жеңімпаздары:
«Тұрақты даму мақсатындағы әлеуметтік кәсіпкерлік» номинациясында:
|
||||||||||
|
«Тең мүмкіндіктер қоғамы - тұрақты дамудың стратегиялық бағдары» номинациясында:
«Қостанай облысының паралимпиядалық спорт түрлерінің федерациясы» Қостанай қаласы |
«Преодоление» Реабилитация орталығы» |
Даметкен» ЖҚҚ, Қызылорда облысы, Жосалы елді мекені | «Бірге біз – күшпіз» |
«Батыр» ҚҚ, Ақмола облысы., Акмол ауылы | «Равновесие» |
«Шайкенов оқушыларының қауымдастығы», Алматы қаласы |
«Street Law Kazakhstan» |
«Таза ой» Мүгедектер қоғамы» ҚҚ, Шымкент қ. | «Социальная передышка» |
«Другая жизнь» ҚҚ, Талдықорған қ. | «Сенсорно- интегративная терапия для детей с расстройством аутистического спектра» |
«Инклюзия Болашақ Атырау» ҚБ, Атырау қ. | «BilimАL!» |
«Тұрақты даму мақсаттары: қоршаған ортамен үйлесімде» номинациясында:
«Ангел» ҚҚ, Ақмола облысы, Атбасар қ. | «Пакетам нет!» |
«Қарағанды облысы Шеткен ауданының шаруа қожалықтарының қауымдастығы», Қарағанды облысы, Аксу-Аюлы ауылы | «Табиғи бұлақтарды жөндеу және қалпына келтіру есебінен құрғақ дала аймағының тұрғындарын сумен қамтамасыз етуді арттыру» |
Истоки Добра» ҚҚ, Түркістан облысы. Ақсу ауылы | «ЭкоҰрпақ» |
Жеңімпаздар өз идеяларын жүзеге асыру үшін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының гранттарын алады. Бір жыл - бір жарым жыл ішінде барлық жеңімпаздар дайын жобалар мен олардың нәтижелерін жұртшылыққа таныстырады.
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының
Баспасөз қызметі
PR-менеджер Жумашев Артур
+7 708 960 56 13
pr.zhumashev@gmail.com