Ұстаздар арасындағы серіктестік. Кәсіби серіктестік білім беру саласында көшбасшы тәрбиелеуге қалай көмектеседі.
Бүгінгі күні кәсіби шеберлік пен дайындық деңгейі мұғалім жұмысындағы негізгі факторларға айналды. Өзара білім алмасу және көшбасшылық қасиеттерді дамыту мақсатында педагогтардың кәсіби ынтымақтастығы алдыңғы қатарға шықты. Осыған байланысты «Birge oqý» пікірталас алаңы аясында «Ұстаз кәсібилігі мен көшбасшылығы-білім берудің негізі» тақырыбында онлайн - конференция өтті. Тікелей эфирдің спикерлері Назарбаев Қорының білім беру жөніндегі бас сарапшысы, Кембридж университетінің PhD Назипа Аюбаева және Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінің постдокторанты, Кембридж университетінің PhD Гүлмира Қанай болды.
Әңгіме барысында сарапшылар кәсіби ынтымақтастық пен педагогтарға қолдау көрсету, оқытушылардың көшбасшылық қасиеттерін дамытудың маңыздылығын, кәсіби даму стратегиясын, дербес кәсіби білім беру және т.б. талқылады.
Назипа Аюбаевтың айтуынша, заманауи табысты білім беру үдерісінің маңызды факторларының бірі кәсіби ынтымақтастық болып табылады. Бұл ұғым білім алмасу және өзара оқыту жүргізілетін ортақ мақсаттарға жету үшін екі және одан да көп педагогтардың бірлескен қызметі дегенді білдіреді. Мектепте білім берудің мақсаты - балаларды ересек өмірге дайындау, тәрбиелеу. Педагогтардың кәсіби ынтымақтастығында қандай да бір нәтижеге қол жеткізу үшін ортақ қызмет негізгі болып табылады.
Бүгінгі күні мұғалім оқушылардың үлгеріміне тікелей әсер ететіні дәлелденген. Көптеген зерттеулер көрсеткендей, егер мұғалім әріптестермен кәсіби ынтымақтастықта жұмыс істесе, оқушылардың жетістіктері мен үлгерімі артады.
Педагогтың кәсіби шеберлігінің маңыздылығын жете бағаламауға болмайды. Мұғалімнің үлгерімге әсері 3% - дан 18% - ға дейін жеткен жетістіктердің өзгеруімен дәлелденді.
Көп жылдық халықаралық тәжірибе көрсеткендей, тиімді кәсіптік оқытудың бірлескен түрлерін қолданған мектептер үлгерімі төмен мектептерден алшақтығы байқалады. Мысал ретінде Action Research тәжірибесін пайдаланатын Англия мектептерін айтуға болады. Сонымен қатар, үлгерімі жоғары мектептері бар елдер мұғалімдердің өзаракәсіби дамуына мән береді. Оның жарқын мысалы, Lesson Study жүйесіндегі жапон мектептері.
Назипа Аюбаева Қазақстан мектептері мен мұғалімдері арасында дербес зерттеу жүргізіп, бірқатар сәйкессіздіктер мен олқылықтарды көріп, білім беру ұйымының табысты даму стратегиясын әзірлегенін айтты.
Оның айтуынша, мектептерге өзін өзі оқытатын ұйым жұмысына көшу керек. Бұл мәселені ЭЫДҰ 2016 жылдан бастап талқылауда, әлемнің көптеген елдері дәл осы жұмыс моделін қабылдай бастады. Өзін-өзі оқыту ұйымы дегеніміз барлық оқушыларды оқытуға бағытталған көзқарасты әзірлеуді және таратуды, барлық қызметкерлер үшін үздіксіз оқыту мүмкіндіктерін құруды және қолдауды, қызметкерлер арасындағы командалық оқытуға жәрдемдесуді, зерттеу мәдениеті мен инновацияларды қалыптастыруды, білім жинау және алмасу үшін бекітілгенжүйелерді құруды, сыртқы орта мен неғұрлым көлемді оқыту жүйесін пайдалана отырып оқытуды, оқытудағы көшбасшылықты модельдеу мен қолдауды білдіреді.