news-img

10 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында V жылсайынғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конференция өтті. Осы жылы сарапшылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдыңғы қатарлы құралдарын талқылауға назар аударды: заңсыз байуға қатысты жауапкершілік, хабаршыларды қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама және ағарту жұмыстары.

Конференцияға 10 елден 20-дан астам спикер қатысты. Олардың ішінде Францияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің басшысы Шарль Дюшен, Молдованың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюросының экс-президенті Анатолий Дончу, Украинаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросы директорының орынбасары Анатолий Новак және тағы басқалары бар.

Шет елдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдарының, академиялық топтардың өкілдері халықаралық деңгейде танылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу шараларын енгізу және іске асыру бөлігінде тәжірибелері мен білімдермен бөлісті.

Ұлттық деңгейде ғана емес, өңірлік деңгейде де құзыреттерді арттыру қажеттігін сезіне отырып, Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі конференция шеңберінде Орталық Азия мен Ауғанстан елдері үшін кезекті семинар ұйымдастырды.

Семинарды ұйымдастырудағы Агенттіктің серіктестері Францияның Ұлттық Сот төрелігі мектебі мен ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы болды. Сарапшылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың түрлі аспектілерін түсіндірді.

Өз кезегінде Қырғыз Республикасы мен Өзбекстан өкілдері сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алу және оларды анықтау тәжірибесімен хабардар етті.

Конференция барысында шетелдік сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволар және үкіметтік емес ұйымдармен одан әрі ынтымақтастық туралы уағдаластыққа қол жетті.

Медиа жаңалықтар
Түсініктеме қалдыру