Қазақстандық туризм қалай дамымауы тиіс?
Осындай еліктіретін тақырыпты «Елбасы Академиясы» корпоративтік қорының сараптамалық алаңында Салалық өзгеріс менеджерлерін дайындау бағдарламасының қатысушылапы туризмді дамыту келешегін талқылауға арқау етіп таңдапты.
«Бүгінгі таңда қолданыстағы Туризмді дамыту мемлекеттік бағдарламасында осы саланың ЖІӨ үлесін 8%-ға дейін арттыру міндеті қойылған. Бұл қазіргі жағдайды есепке алсақ, өте өр мақсат», – деді «Елбасы Академиясы» КҚ директоры Фархад Қуанғанов. «Сонымен қатар, бағдарламада ұсынылған туризмді дамыту бағдарламасы көп мөлшерде дәстүрлі болып қалады, мемлекет пен бизнес әріптестігі түріндегі жүйелі жұмысқа көп назар аудару қажет», - деп атап өтті ол.
Сала менторы, «Компания Жибек Жолы» ЖШС директоры Тимур Дүйсенғалиев өз сөзінде саланы дамытуға бір жағынан автономия әсер етуі мүмкін, себебі туризм саласы өзіндік құрылым болып табылмайды деп әділ атап өтті. Өзінің таныстырылымында ол Үкіметке тікелей шыға алатын ведомствоаралық кеңес құрудың маңыздылығын алға тартты. Туризм бойынша ведомство құрылымының үлгілік моделі ретіндегі мысал қылып Франция тәжірибесін атады. Сонымен бірге, негізгі кедергі оның пікірінше, саланың жеткіліксіз түрде қаржыландырылуы болып табылады, себебі көп жағдайда шығынның қажеттілігін дәлелдей мен дәйектеу қиын.
Өз кезегінде, ақпараттық технология және қонақүй бизнесін цифрлық басқару саласындағы сарапшы Тимуджин Дис олардың елінде аталған мәселе технологиялық инфрақұрылым есебінен шешілетіндігін айтты. Мұндай ақпараттық инфрақұрылымның артықшылығы, оның сөзінше, «нақты уақыт режімінде бүкіл ақпаратты қадағалау мүмкіндігінен» тұрады. Технологиялар абсолютті әділдік пен адалдықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, салық төлеуден жалтаруға мүмкіндік болмайды, қара касса болмайды, ал мемлекет қаржылық механизмдерді қадағалай алады. Нәтижесінде бюджетке салықтық түсімдер көбірек түседі.
Талқылауда сондай-ақ, туризмнің қолжетімді түрлерін дамыту мен білікті мамандарды дайындау бойынша мәселелер сөз етілді.
Қазақстандық кемпингтік туризм және караванинг қауымдастығының Президенті Баян Шапағатова туризмнің караванинг сынды қолжетімді түрін қысқа мерзімді келешекте дамытуға көңіл бөлуге шақырды.
Ол курорттар құрылысы қымбат жобалардың орнына каравайнерлер үшін тұрақтар желісін құру қажет деп есептейді. Шапағатованың айтуынша, туризмнің аталмыш түрі соңғы кезде жылдам даму үстінде, «бір ғана Қытайдың өзінде автоүйлер өндіретін төрт зауыт болса, елдегі каравайнерлер клубына мүше адам саны 5 млн. адамды құрайды екен. Пандемия кезеңінде бұл сала нағыз танымалдылықты бастан кешіруде. Еуропада автоүйлер сатылымы 25%-ға, АҚШ-та 500%-ға артқан, зауыттар сұранысты қанағаттандыру үшін түнде де жұмыс істейді». Осындай жер көлемі мен Ұлы жібек жолына ие бола отырып, біз караванингті дамытуға міндеттіміз дейді ол. Ол үшін Батыс Еуропа–Батыс Қытай автожолының бойынша қымбат емес инфрақұрылым ғана қажет деп есептейді Б. Шапағатова.
Кездесу шеңберінде білім берк мен қонақүй бизнесін басқару саласындағы халықаралық сарапшылар Қазақстандағы өздерінің кәсіби оқыту мен туризм және қонақүй бизнесі саласындағы кәсіби мамандарды дайындау идеяларының таныстырылымын өткізді.
«Олардың деректеріне сәйкес, Қазақстанда қонақүй бизнесі мамандарын дайындайтын 300-ден астам ЖОО бар, бірақ ешкім қонақүйлерге тәжірибеден өтуге бармайды. Туризм мен қонақүй бизнесінде білікті мамандардың жеткіліксіздігі себепті Қазақстандағы үлесі 1,9% шамасын құрайды», - деп есептейді Capital Partners компаниясының бизнесті дамыту бойынша директоры, бағдарлама менторы Тарык Волкан Оскай.
Мәселенің шешімі ретінде ағымдағы жағдайды есепке ала отырып, онлайн түрде іске қосылған танымал үлгі – студенттер алмасуды қарастыру ұсынылды. Яғни, қазақстандықтар үйде отырып туризм және қонақүй бизнесі саласы бойынша халықаралық диплом ала алады. Практикалық сабақтар ретінде 3d-турлар мен тікелей стримингтік сервистер сынды заманауи технологиялар қолданылады.
Кездесуді салалық менеджерлер командасының көшбасшысы, Ұлттық туризм индустриясы Қауымдастығының президенті Гаухар Жеңісбек қорытындылады:
- Біздің команда салалық міндетпен жұмыс істеген уақытта саланы түрлендіру мен жаңарту бойынша халықаралық әріптестеріміздің тәжірибесін зерттеді. Біздің мүмкіндіктерімізді, менталитетіміз бен құрылымымызды ескере отырып, бізде қандай құралдарды қолдануға болады. Біздің саланы дамыту моделіміз нарықпен тығыз жұмыс істеуді, басқарудың бірыңғай жүйесін қалыптастыруды қамтиды. Сондықтан мүмкіндікті пайдалана отырып, бизнес қауымдастық өкілдерін біздің трансформация бағдарламасына қосылуға шақырамын».
Пікірталас алаңдары арқылы жұмыс істеу механизмі өзгерістерді басқару бойынша салалық менеджерлерді даярлау бағдарламасының бөлігі болып табылады. Салалар бойынша талқылаулар тұрақты негізде жүргізіледі. Естеріңізге сала кетейік, іріктеліп алынған мамандар тобы экономиканың 11 саласындағы 45 маңызды міндетті шешу бойынша жұмыс істеуде, ағымдағы жылдың соңына қарай барлық командалар ҚР Үкіметіне өз көзқарастарын ұсынады.