news-img

«Мың бала» Ұлттық олимпиадасының екінші кезеңі 2020 жылғы 21 және 22 тамызда 19 Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Қазақстандағы 34 облыс орталығының негізінде өтеді.

Алматы және Тараз қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінде тест тапсыратын Алматы және Жамбыл облыстарының 6-шы сынып оқушыларына арналған тестілеу 22 тамызда өткізілетінін ескертеміз. Барлық қалған қатысушылар үшін тестілеу 21 тамызда ұйымдастырылады.

Тестілеу күні мен өтетін орны туралы ақпаратты 7170 нөміріне хабарласып анықтауға болады (қоңырау шалу тегін).

Функционалдық сауаттылық пен абстарктілі-логикалық ойлауды бағалайтын компьютерлік тестілеу нәтижесі бойынша екінші кезеңде 5 және 6-сынып оқушыларынан 1000 бала іріктеледі. Тестілеу тапсырмаларының үлгілері www.fnn.kz сайтында қолжетімді (ол үшін «Мың бала» жобасының парақшасындағы Құжаттар бөліміне өтуіңіз керек). Тестілеуді қайта тапсыру және апелляцияға беру қарастырылмаған.

Қатысушыларды тіркеу Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 11:00-ден 11:50-ге дейін бекітілген тестілеу пункттерінде жүзеге асырылады. Кешігіп келген оқушылар тестілеуге жіберілмейді. Оқушыларды тестілеу нұсқаулыққа берілетін уақытты ескере отырып, Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағат 12:00-ден 13:30-ге дейін өткізіледі.

Тестілеу кезінде маска кию режимі сақталып, санитарлық-гигиеналық нормалар күшейтіледі. Қатысушыларға өзіне ыңғайлы киімді киіп келуге рұқсат беріледі, өзімен бірге туу туралы куәліктің көшірмесі және жеке қорғаныс құралдары болуы керек.

Тестілеу ата-аналар мен мүдделі тұлғалардың көруі үшін бейнетрансляциямен қатар жүргізіледі. Трансляция сілтемесі www.fnn.kz сайтында қолжетімді болады.

Олимпиада нәтижесі бойынша жеңімпаз атанған 1000 оқушының тізімі екінші кезең өткен мерзімнен бастап 14 күннен кейін www.fnn.kz сайтына  жарияланады. Дәл сол сайтта “Мың бала” олимпиадасының жеңімпаздары дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің біріне өтініш қалдыра алады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Олимпиада ұйымдастырушысы  "Елбасы Академиясы" КҚ барлық ата-аналарды және/немесе басқа заңды өкілдерді ғимараттың кіреберісінде (компьютерлік тестілеу өткізілетін ғимарат) тұмаурату белгілері (құрғақ жөтел, дене қызуының жоғары болуы, тыныс алудың қиындауы, алқыну және с.с.) анықталған қатысушыларды тестілеуге жібермейтінін хабарлайды.

Қатысушыларды тестілеу өтетін орындарға (Назарбаев Зияткерлік мектептер/аудан орталықтары) жеткізу мәселесіне жергілікті атқарушы органдар (Білім беру басқармаларының өкілдері)  жауапты екеніне назар аударамыз.

Қосымша ақпарат 7170 нөмірі арқылы қолжетімді (қоңырау шалу тегін).

Түсініктеме қалдыру
comments-author-avatar
Экзамен 21го, результаты через 14 дней, как зачисление детей будет осуществляться если учебный год уже начнется?