news-img

Алматыда Тұңғыш Президент Қоры өкілдігінің директоры Сергей Тохтаров Бас консул Гэн Липин бастаған Қытайдың Бас консулдығының делегациясын қабылдады. Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының ғылым, білім, инновация және мәдениет саласындағы ынтымақтастығын дамыту және нығайту мәселелерін талқылады.
— Тұңғыш Президент Қоры мен ҚХР-ның Алматыдағы Бас консулдығының ынтымақтастығы бірнеше жыл бойы жалғасып келеді. Тиімді өзара іс-қимылдың арқасында біздің ұйымдар екі елдің талантты жастарына қолдау көрсету, мәдени құндылықтарды ілгерілету және адами капиталды дамыту жөніндегі маңызды жобалар мен бастамаларды іске асыруда. Біздің әріптестігімізді нығайту одан әрі тиімді болады және белгіленген бағыттар бойынша жұмысты жетілдіруге ықпал ететіндігіне сенімдімін, — деп атап өтті Сергей Тохтаров.
Айта кету керек, 2015 жылы Бейжінде Тұңғыш Президент Қоры қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған «Абай оқулары» аясында «Белгісіз Қазақстан» фотокөрмесін ұйымдастырды. Ал өткен жылы «Тұран» фольклорлық-этнографиялық ансамблі Қордың трэвел-грантын жеңіп алды. Соның арқасында, ұжым әлемдік турне жасады, оның географиясына қытайдың үш қаласы кірді. Өз кезегінде ҚХР-ның жас ғалымдары Елбасы Қоры жанындағы Ғылым кеңесі өткізетін халықаралық ғылыми форумдардың белсенді қатысушылары болып табылады. Бұл Тұңғыш Президент Қорының Қытаймен халықаралық ынтымақтастықтың аз бөлігі ғана.  
— Біз өз елдеріміздің студенттері мен жас мамандары кездесіп, идеялармен алмасуларына, бірлескен жобалармен жұмыс істеулеріне мүдделіміз. Тұңғыш Президент Қоры осы бағытта өте маңызды миссияны орындайды. Қытайда сондай-ақ жастарға қолдау көрсетуге көп көңіл бөлінеді, және осы салада біздің бір-бірімен бөлісетініміздің бар екендігіне сенімдімін, — деді Гэн Липин.
Кездесу соңында тараптар талантты жастарды қолдауға бағытталған жобаларды іске асыру жөніндегі одан әрі ынтымақтастық жоспарын белгіледі.

 

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының

 баспасөз қызметі

PR-менеджер Жұмашев Артур

+7 708 960 56 13, a.zhumashev@fpp.kz

www.fpp.kz

 

Түсініктеме қалдыру