news-img

Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен үдемелі дамуындағы Тұңғыш Президенттің, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін асыра бағалау қиын. Еліміз бен шетел талдаушылары, саяси және қоғам қайраткерлері Елбасын Қазақстанның қазіргі заманғы мемлекеттілігінің негізін қалаушы деп санайды. Елдің соңғы 30 жыл ішінде өткен жолы тарихшылар мен саясаттанушыларды қызықтырмай қоймайды, себебі өткен жылдар қарқынды дамудың жарқын үлгісі болды.

Еліміздің Тұңғыш Президентінің республиканы жаңғыртуға қосқан үлесімен Қазақстанның маңызды жетістіктері Тұңғыш Президенті күніне және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Нұрсұлтан Назарбаев – қазіргі Қазақстан мемлекеттілігінің негізін қалаушы»  халықаралық дөңгелек үстел отырысының өзегіне айналды.

Іс-шара Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Сорбонна-Қазақстан институтында онлайн форматта өтті. Ұйымдастырушылары: Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО), Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Сорбонна-Қазақстан институты, «Ізгілік акселераторы: ізгілік елі» ұлттық еріктілер қозғалысы.

Платформа қатысушылары: Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы - Қайрат Мәми, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары - Әркен Өтенов, Қазақстан Республикасының Әділет Вице-министрі - Наталья Пан, Нұрсұлтан Назарбаев Қорының Атқарушы директоры - Қанат Жұмабаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары - Жансейіт Түймебаев, Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі - Жан Ғалиев, Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры - Такир Балықбаев және Халықаралық Заңгерлер одағының президенті -  Андрей Требков.

Виктор Малиновский - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі, Бақытжан Әбдірайым – АХҚО академиялық кеңесінің мүшесі, Дүйсенов Еркен Елманұлы - Д.А. Қонаев атындағы Еуразия заң академиясы ректорының кеңесшісі,  Мақсат Нұрмағамбетов – Қазақстандық дипломаттар бірлестігі басшысының орынбасары, Дәулет Байдельдинов – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң факультетінің деканы баяндама жасады.

Құрметті қонақтар ретінде: Ерлан Ысқақов – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігінің Басшысы, Алексис Шахтахтинский – Француз Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы, Властимил Самек – БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы жаһандық коммуникациялар департаментінің басшысы, Жиль Маметц – Францияның  Қазақстандағы елшілігінің атташесі, Кристин Бутейе – Сорбонна – Қазақстан  Институтының директоры (Франция), Алтынай Дүйсекова – Қазақстан  Республикасының ФР-дағы кеңесшісі қатысты. Іс-шара үйлестірушісі Сорбонна-Қазақстан Институтының директоры  - Сабитова Айнур.

Сондай-ақ, дөңгелек үстелге көрнекті қоғам және саяси қайраткерлер, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметкерлері, шетелдік қонақтар, ғалымдар, еліміздің университеттерінің оқытушылары мен студенттері шақырылды.

Дөңгелек үстелді Нұрсұлтан Назарбаев Қорының Атқарушы директоры Қанат Жұмабаев ашты: «Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдағы тарихы жолы оңай болған жоқ. Бұл жол – жеңіс жолы, реформаларды іске асыру және биік жетістіктерге  жеті жолы. Бұл жолды мемлекеттілігіміздің негізін қалаушы –  Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевсыз елестету мүмкін емес. Қарапайым отбасында өсіп, өнеркәсіптік өндірісте шыныққан Нұрсұлтан Әбішұлы тарихи қысқа мерзім ішінде тұрақты экономикалық өсу үшін жағдай жасап, елдің халықаралық аренадағы жоғары беделін қамтамасыз ете алды. Қазақстан дамуының әр жылы ерекше кезең, үлкен тарихтың бір бөлігі. Оны зерделеу, сондай-ақ елдің табысты жаңғыруының құрамдастарын зерделеу – маңызды мәнге ие. Ол келесі ұрпаққа Қазақстанның мемлекеттілікті нығайтудағы тәжірибесін дұрыс жеткізуден, фактілеуден және бекітуден тұрады. Бүгінгі жиынымызға құрметті қонақтардың - Қазақстан мен шетелдің белгілі саяси және қоғам қайраткерлерінің қатысуы іс-шараның ерекше мәртебесі мен маңызын айқындайды».

Модератор Игорь Рогов: «Біздің Елбасы Қазақстан тәуелсіздігінің бастауында тұрды және негізгі заңды және барлық тағдыршешті нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу кезінде идеялардың генераторына айналды. Президент біздің Конституциямызға сәйкес республика азаматтарының жиынтық ерік-жігерін дербес тасымалдаушы болып табылады. Халықтың ерік-жігері халқымыздың тарихи ерекшеліктеріне, мәдени дәстүрлері мен менталитетіне сәйкес келетін саяси, экономикалық және әлеуметтік көзқарастарға жауап беретін тұлға төңірегінде шоғырланды. Келесі жылы Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізуінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында мемлекеттік тәуелсіздік туралы айту кездейсоқ емес, мұның бәрі біздің Тұңғыш Президентіміз  - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұлғасымен байланысты».

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы Қайрат Мәми: «Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Тұңғыш Президент ретіндегі конституциялық мәртебесін жүзеге асыра отырып, қазақстандықтардың өмірін арттыру, барлық бағыттар бойынша табысты даму міндеттерін табысты жүзеге асырды. Ол Қазақстанның дамуына шешуші үлес қосты».

Елбасының ел дамуындағы басты рөлі туралы ойды тағы бір спикер - Қазақстан Республикасының Франция Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жан Ғалиев атап өтті. Ол: «Елбасы әлемдік тарихқа Қазақстан мемлекеттілігінің негізін қалаушы ретінде ғана емес, сондай-ақ белсенді қазақстандықтардың жаңа ұрпағын қалыптастыратын адам ретінде кірді. 90-шы жылдары Тұңғыш Президент ауыр тиген жылдарға қарамастан жастарды қолдап, олардың озық білім алуына жағдай жасау туралы шешім қабылдады. Шетелде мыңдаған жастар білім алды. Қазақстанда сапалы білім беретін көптеген оқу орындары ашылды. Олардың қатарында, әрине, «Сорбонна-Қазақстан» институтын жатқызуға болады».

Спикердің пікірінше, Нұрсұлтан Назарбаев көптеген жылдар бойы сенімді мемлекетаралық өзара қарым-қатынастардың нығаюына, Қазақстанның басқа елдермен ынтымақтастығының кеңеюіне белсенді түрде ықпал етті.

Өз кезегінде, Француз Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Алексис Шахтахтинский Қазақстанның Тұңғыш Президенті сияқты адамдар әлемдік аренада елдің оң имиджін қалыптастыруға зор үлес қосып, мемлекеттің ішкі даму мәселелеріне көп көңіл бөле отырып, нағыз көшбасшы болып табылатыны туралы ойларымен бөлісті.

Халықаралық Заңгерлер одағының президенті – Андрей Требков өз сөзінде: «Біздің көзқарасымызбен Қазақстанның  30 жыл ішінде қол жеткізген басты жетістігі - экономикалық, саяси және мәдени құрылыстың қазақстандық моделі құрылды. Айта кету керек, бұл модель әлемде, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымы деңгейінде танылған, бағаланған. Бұл модельге біз де, өзіміздің одақта да қызғана қараймыз, өйткені біз посткеңестікте бүгінгі жағдайды саралап,  сіздердің елдегі бейбіт, тыныш және іскерлік жағдайға көңіл аудармай қоймаймыз. Сіздердің алдарыңызда, көпшілік алдында айтқым келетін бірінші тілек, әрине, бұл елдегі тыныштық сақталсын».

Тұтастай алғанда, Қазақстан мен шет елдердің мемлекет және қоғам қайраткерлері Нұрсұлтан Назарбаев елдің мемлекеттілігін нығайтып қана қоймай, мемлекеттік органдардың жұмысын жолға қойып, аса маңызды бағдарламаларды іске асырды, сондай-ақ одан әрі даму үшін мүмкіндіктер жасай отырып, саяси бағыттың, Республика құндылықтарының сабақтастығын қамтамасыз етті деген ортақ пікірге келді.

Түсініктеме қалдыру