news-img

АЛМАТЫ. НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚОРЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ. 03.02.21 – Стипендиаттар туралы айдарымыздың жаңа кейіпкері - көптеген республикалық және халықаралық шығармашылық конкурстардың лауреаты. Ол 19 жаста және волторнада ойнайды. Бүгін назарларыңызға Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатының музыкалық колледжінің төртінші курс студенті Даниил Борисовты ұсынамыз.

Даниил – 2020-2021 оқу жылына арналған «Батырхан Шөкенов атындағы стипендиат» атағына ие болған алты қазақстандықтың бірі. Өткен жылдың қараша айында дарынды музыкант үрмелі және ұрмалы аспаптарда жас орындаушылардың X Ашық аймақаралық байқауының II дәрежелі лауреаты атанды.

Ю. Н.Должиков атындағы ағаш, мыс үрмелі және ұрмалы аспаптарда жас орындаушылардың халықаралық байқау-фестиваліне қатысып, тағы да жеңімпаз атанды.

Даниилдің басқа да жетістіктері бар. Өткен жылдың желтоқсан айында ол Череповец қаласында өткен үрмелі және ұрмалы аспаптарда орындаушылардың «Солтүстік рапсодия» халықаралық байқауының II дәрежелі лауреаты атанды. Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиаты Даниил Борисов қатысқан барлық шығармашылық сынақтар жас орындаушылардың шығармашылығын дамытуға, олардың кәсіби шеберлігін жетілдіруге, үрмелі және ұрмалы аспаптарға арналған музыканы насихаттауға және кеңінен танымал етуге бағытталған.

— Жаңа оқу семестрінде өзімнің орындаушылық шеберлігімді одан әрі шыңдай түспекпін. Қордың қаржылық қолдауы маған шеберлік деңгейімді арттыруға және музыкада үлкен жетістіктерге жетуге көмектеседі. Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиясы алға жылжуға және одан да үлкен биік белестерді бағындыруға ынталандырады, - деп түйіндеді Даниил.

 

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының

Алматыдағы өкілдігі

PR-менеджер Артур Жұмашев

e-mail: pr.zhumashev@gmail.com

+7 727 305 36 19

+7 708 960 56 13ф

Түсініктеме қалдыру