news-img

Қазақ елінің үкілі үміті, көрнекті өкілі – Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиаттары туралы айтудан біз әсте жалықпаймыз. Бүгін сіздерді Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Менеджмент» мамандығының 4-курс студенті Анжелика Колесниковамен таныстырамыз.

Анжелика гитара ойнап, ән айтқан, 20 жасында халық би ансамблінде өнер көрсеткен жан-жақты тұлға. 3 жылдан бері Social Media Marketing-пен, анығы таргетингтік жарнама жасаумен айналысады. HR-менеджментке (адам ресурстарын басқару) қызығады, болашақта бойжеткен осы бағыт бойынша магистратураға түсуді жоспарлап отыр.

«Рухани Жаңғыру» тақырыбындағы ағылшын тілінен республикалық олимпиаданың II дәрежелі дипломы, «Роза Обзора» халықаралық байқау-фестивалінің (Болгария) І дәрежелі дипломы, менеджмент бойынша жастар арасындағы VI халықаралық олимпиаданың (Киев) І дәрежелі дипломы, «Логистика» мамандығы бойынша I Халықаралық қашықтық олимпиадасының II дәрежелі дипломы (Қазақстан) және т.б. марапатқа ие. Қордың талантты стипендиаты жақында Мәскеудегі Федералды радио мектебінде радиожүргізушілердің күндізгі оқу курсын тәмамдады. 

Анжелика үшін әртүрлі олимпиадалар мен жарыстарға қатысу - бұл ең әуелі өзінің күшін бағамдауға, сын-қатерге мойымауға, адам әлеуетінің шексіз екенін дәлелдеуге жол ашады.

- Сан түрлі бағытта даму үшін өзіңізді барлық жағынан сынаудан қорықпаңыз. Қызығушылығыңыз бен күшті жақтарыңызды мүмкіндігінше тез анықтап, сол бағыт бойынша  жүру өте маңызды. Мен құрдастарымды кітапқа оқуға шақырамын, себебі күш - білімде! - дейді Анжелика Колесникова.

«Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиаты болу, өзінің ғана емес, бүкіл қоғамның дамуы үшін зор жауапкершілік жүктейді» деп санайды Анжелика. Бұл айналаңдағы адамдардың ішкі әлеуетін ашуға, талғар биікке ұмтылуға, Отанның гүлденуіне деген жауапкершілікті арттыруға септігін тигізетін мәртебелі атақ.

Түсініктеме қалдыру