news-img

Олжас Әбубәкіров студент кезінен-ақ «GRATA» және «Integrites» сияқты халықаралық заң фирмаларында өзін жас мамн ретінде танытып үлгерді. Біріншісінде бір жылдан аса істеген, екіншісінде қазір істеп жүр. 

Олжас Сүлеймен Демирел атындағы университеттің 4 курсында «юриспруденция» мамандығын оқып жатыр. Біздің стипендиат оқу мен жұмыстан қолы босағанда шет  тілдерін үйренеді. Орыс, ағылшын және түрік тілдерін еркін меңгерген.  

Ол өзінің блімі мен дарынын республикалық пән олимпиадалары мен құқық бойынша байқауларда талай дәлелдеп, жүлделі орындар алды.  

Адамның туыла сала бір нәрсеге бейімі болады деп есептеймін. Біреуге спортпен, біреуге шығармашылықпен, енді беруге ғалыммен шұғылданған оңай. Соған деген қабілеті жоғары болады. Өз басым ғылымға бейіммін. Маған зерттеу жүргізген, ойластырған, ізденген, мәселе шешкен ұнайды. Әсіресе, мәселе шешу керемет. Бұл көңілімді көтеріп, жігер береді, — дейді Олжас Әбубакіров.

Ол өз қатарластарына берілген тапсырманы барынша сапалы орындау туралы кеңес береді. Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиясы иегерінің айтуынша, «ерінбеу, жұмысың үшін мойныңа жауапкершілік ала білу, бәрін қызығушылықпен атқару керек»

Егер адам қандай да бір іспен қызығушылықпен және құлшына айналысса, оның қолынан бәрі келетінін байқап жүрмін. Сондықтан кез-келген шаруаны ынтамен және сүйіспеншілікпен атқарыңыздар, — дейді жігіт.    

Құқық саласының болашақ маманы үшін Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиясы – құрмет және жеткен жетістігімен тоқтап қалмай, ары қарай да жақсы еңбек етуге берілетін жігер.

Түсініктеме қалдыру