news-img

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, Қазақстанның Ослодағы Елшілігі және норвегиялық серіктестер Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған онлайн-семинар ұйымдастырды.

           

Қазақстан мен Норвегия астаналарын қайтадан байланыстырған телекөпір барысында екі аймақ – Орталық Азия мен Еуропа арасындағы диалогты тереңдетуге шақыру туралы айтылды.

Дөңгелек үстелге Норвегияның бұрынғы премьер-министрі Къелл Магне Бондевик, белгілі журналист әрі тарихшы Ханс-Вильхельм Штейнфельд, сондай-ақ, Қазақстан тарапынан спикерлер – Халықаралық бағдарламалар орталығының басшысы Қайрат Әбусейітов, Қазақстанның Ослодағы Елшісі Еркін Ақынжанов, ҚР СІМ Инвестициялар жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Зейнешев қатысты.

Норвег журналисі, «TV2» телеарнасы жаңалықтар бөлімінің басшысы Томас Хеншен шараның модераторы болды.

Норвегиялық дипломат Оле Йохан Бьерной «Тәуелсіздіктің қысқа ғана тарихи кезеңінде Қазақстанның экономикадағы, саясаттағы даму барысы, елдің жетістіктері адамға шабыт береді» деді. Оның ойынша, бұл «Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көпвекторлы сыртқы саясатын ойдағыдай жүзеге асырудың» арқасында мүмкін болды.

Семинар Оле Йохан Бьернойдың бейнеүндеуімен және Қазақстанды құттықтауымен ашылды. Ол біздің елде 2017-2020 жылдары Елші болып істеген.

«Тәуелсіздіктің қысқа ғана тарихи кезеңінде Қазақстанның экономикадағы, саясаттағы даму барысы, елдің жетістіктері адамға рух береді» деді норвегиялық дипломат. Ол, әсіресе, Қазақстанның жүріп өткен және жалғастырып жатқан тәуелсіздік жолындағы қиын жайттарға ерекше назар аударды. Бұл жерде көршілеріміз – Ресей және Қытаймен өзара тиімді қарым-қатынас орнатылғаны, сондай-ақ, геосаясат пен халықаралық қауіпсіздік тұрғысынан өте маңызды аймақ - Орталық Азиядағы рөліміз айқындалғаны аталып өтті. У.Й.Бьернойдың ойынша, бұл «амбициялық көпвекторлы сыртқы саясатты ойдағыдай жүзеге асырудың» арқасында мүмкін болды.

Семинар Қазақстанның «алдымен экономика, сосын саясат» деген даму формуласына сәйкес түзілген.

ҚР СІМ инвестициялар жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Е.Зейнешев макроэкономикалық көрсеткіштері 30 жыл бойы тоқтаусыз өсіп келе жатқан жас мемлекеттің экономикалық жүйесіндегі ауқымды өзгерістер туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Ол Қазақстанның дамуы үшін тікелей шетелдік инвестицияларды тартудың маңызды рөліне тоқталды. Е.Зейнешевтің ойынша, бұл еліміз тәуелсіздік алған алғашқы күндерден бастап-ақ қолайлы инвестициялық ахуалды жетілдірудің негізгі міндеттерін айқындап берген.

СІМ өкілі Қазақстанның Еуразия континентінің Шығысы мен Батысын байланыстыратын көлік-логистикалық хаб және «көпір» ретінде геосаяси әлеуетін жүзеге асыра білгенін жеткізді. Бұл соның ішінде «Жаңа Жібек жолы» және «Бір белдеу, бір жол» бастамалары аясында жасалды.

Қазақстан, Орталық Азия және Еуропа елдерінің қарым-қатынасы тақырыбын Норвегия үкіметінің экс-басшысы К.М.Бондевик жалғастырып, екі аймақ арасындағы өзара іс-қимылды арттырудың маңызды екенін атап өтті. «Біз ортақ нәрселері көп көршілерміз. Олардың ішінде халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ортақ мүдделеріміз бар», - деді ол.

Тәуелсіз Қазақстан тарихының Тұңғыш Президенттің тұлғасымен тығыз байланысты екені сөзсіз. Норвегиялық саясаткер 20 жылдай бұрын Давоста өткен Дүниежүзілік экономикалық форум аясында Н.Назарбаевпен алғаш кездескені туралы естелік айтып берді. «Мен үлкен тәжірибесі мен өз елінің болашағына қатысты амбициясы бар көшбасшыны байқадым. Сондай-ақ, Қазақстанның әлемдік аренада сенімді серіктес және ойыншы болуға деген ұмтылысын көрдім», - деді ол.

Қазақстанның Норвегиядағы елшісі Е.Ақынжанов елдің экономиканы әртараптандыруға және саяси жаңғыртуға күш салып келе жатқаны туралы айтты. Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасының басшылығымен Орталық Азиядағы ең ірі экономикаға және әлемдегі беделді мемлекетке айналғаны баса айтылды. ҚР Елшісі сонымен қатар Президент Қ.-Ж.Тоқаев бастаған жаңа жүйелік реформалар, яғни саяси трансформацияны жүзеге асыру және «Естуші мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мәселелеріне тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ХБО жетекшісі Қ.Әбусейітов өз сөзін Қазақстанның әлемдегі рөліне арнады. Н. Назарбаевтың еліміздің сыртқы саясатын дамытып, қауіпсіздігін қамтамасыз етуі өз бетінше бір ғажап тарих екенін айтып өтті. «Бұл тарих бәрін нөлден бастап, содан кейін халықаралық істерде өзін жетекші орны бар мемлекет ретінде өте тез танытқан ел туралы баян етеді», - деді ол.

Оның айтуынша, Елбасының Семей ядролық полигонын жабу туралы шешімі кейіннен әлемдік қоғамдастыққа енген кезде еліміздің өзіне тән ерекшелігіне айналды.

Сондай-ақ, ол К.М.Бондевиктің Орталық Азия мен Еуропа арасында біріктіруші күн тәртібін құру қажеттілігі туралы мәлімдемесімен келісетінін жеткізіп, саяси сенім мен жүйелі экономикалық диалогты қалпына келтіру мәселесі Елбасының жаңа геосаяси «Үлкен Еуразия» құрылымын құру идеясының негізі болып саналатынын айтты. «Н.Ә. Назарбаев болашақты болжай алатын ғаламдық деңгейдегі саясаткер және дипломат ретінде «Үлкен Еуразия» идеясының төңірегінде топтасуға және осы «суперконтиненттің» әлеуетін іске асыруға шақырды», - деді ол.

Семинар соңында норвегиялық спикерлер Қазақстанды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап, елдің одан әрі дамуын және өркендеуін тіледі.

Түсініктеме қалдыру