news-img

Алматыда және Алматы облысында Нұр-Сұлтан, Ақтау, Атырау және Шымкенттің оқушылары Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметімен тығыз байланысты мәдени-тарихи нысандарға барды. Екі жүзге жуық бала үшін қызықты экскурсияларды Елбасы Қоры «Көшбасшы жолы» жобасы аясында ұйымдастырды.

Төрт қаланың белсенділері мен оқу озаттары Нұрсұлтан Әбішұлы оқыған Қарасай батыр атындағы мектепте болды. Ол Шамалған ауылында орналасқан. Одан әрі балалар Алматы облысында орналасқан тарихи-өлкетану мұражайына, «Батыр бабалар» мемориалдық кешеніне, «Атамекен» тарихи-мәдени орталығына барды.

Қызықты саяхат Алматы қаласында жалғасты, онда қатысушылар үшін мегаполис бойынша шолу экскурсиясы ұйымдастырылды. Мұнда оқушылар Тұңғыш Президент саябағына, орталық мемлекеттік мұражайға, Тәуелсіздік монументіне, сондай-ақ биік таулы  «Медеу» мұз айдынына, «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты мен Көк Төбе саябағына барды.

— Бұл үш күн ең жақсы болды. Мен Алматы қаласының тарихы өте бай екенін білдім.  Бұл тур-Қазақстан Республикасының даму тарихымен танысудың тамаша мүмкіндігі. Бұл сапар менің жүрегімде мәңгі қалады деп ойлаймын, — деп өз әсерімен бөлісті Ақтаудан келген оқушы Михаил Тұрсынов.

«Көшбасшы жолы» жобасы жастар арасында патриоттық сезімді және көшбасшылық қасиеттерді дамытуға бағытталғанын айта кетейік.

Елбасы Қорының баспасөз қызметі
PR-менеджер Артур Жұмашев
+7 708 960 56 13
 +7 (727) 220-92-16

a.zhumashev@fpp.kz

Медиа жаңалықтар
Түсініктеме қалдыру