«Astana club» - ең маңыздысы туралы талқылау
Қазақстан астанасында «Astana club» жұмысы жалғасуда.
Жыл сайын бұл халықаралық диалог алаңы әлемнің беделді саясаткерлері тарапынан үлкен қызығушылық тудырады.
Жаһандық жанжалдарды шешу және дағдарыстарды еңсеру мәселелерінде жалпы көзқарастар жасауға мүмкіндік бере отырып, «Astana club» Еуразияның негізгі ойыншыларын біріктіреді.
«Astana club» жұмысының маңыздылығын Қазақстан Республикасы Сенатының Төрағасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры директоры Дариға Назарбаева атап өтті: «Экономикалық, саяси, әскери конфронтацияның жалғыз өміршең баламасы тек жаһандық ынтымақтастық болып табылатынына сенімдімін. Ол адал, тікелей және ашық диалогсыз мүмкін емес. Тек осындай диалогтың нәтижесінде Еуразиялық құрлықта және бүкіл әлемде ойын ережелері, қазіргі заманғы болмыстарды бейнелейтін жаңа Ережелер пайда болуы мүмкін. Бұл тұрғыда «Астана клубының» отырысы мен пікірталасы - бұл ең маңыздысы туралы әңгіме. Бұл біздің еліміздің үлесі, бұл біздің сіздермен, Құрметті әріптестер, жаһандық ынтымақтастықтың жаңа архитектурасын салуға қосқан үлесіміз».
Шетелдік спикерлер, сондай-ақ, сарапшылар алаңдарының жұмысының маңыздылығын атап өтіп, тек еларалық диалог арқылы ғана қазіргі заманғы проблемалық мәселелерді шешуге болатынын атап өтті. Олар туралы айта келе, Испанияның экс-Премьер-министрі Хосе Луис САПАТЕРО: «Ешқандай ұлтшылдық жаһандық климаттық немесе технологиялық өзгерістерді жеңе алмайды. Және ешқандай популизм Бізге әлеуметтік теңсіздікті жеңуге көмектесе алмайды. Егер жаһандық жауап болмаса, біз өте қиын жағдайға тап боламыз. Әлем ХХ ғасырда болған жағдайлар. Осының барлығы халықаралық ынтымақтастықтың жетіспеушілігінен. Біз ХХІ ғасырға көшуіміз керек, ал бұл-ынтымақтастықты күшейту!».
Тағы бір жаһандық мәселе-халықаралық терроризм. Ауғанстанның экс-президенті Хамид Карзайдың пікірінше, осы зұлымдықпен күресте Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) үлкен рөл атқара алады. «Экстремизм мен терроризмге қарсы күрес үшін ШЫҰ шеңберіндегі қауіпсіздік тетіктері ең жақсы балама болып табылады».
Бұл және басқа да қауіп-қатерлер «Astana club» барысында таныстырылған «2020 жылғы Еуразия үшін «Топ-10 тәуекел» рейтингінің негізі болды.