news-img

         Жаңа жыл қарсаңында өтетін «Елбасы жылуы» қайырымдылық акциясының басты міндеті – 800-ге жуық отбасын азық-түлікпен қамтамасыз ету.

 Игі іс-шара Алматы облысында, Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында (27-28 желтоқсан) және Түркістан қаласында (29 желтоқсан) өтеді. Аз қамтылған, көпбалалы отбасы және ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған жанұяларға көмек көрсетіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен «Дегдар» гуманитарлық қоры акция аясында әрбір мұқтаж отбасыға салмағы 120 келіге дейін азық-түлік үлестіреді. Атап айтқанда, ұн, картоп, жеміс, күріш, қарақұмық, шәй, қант, күнбағыс майы және жаңа жылдық тәттілер.

- Халқымыз әрқашан қайырымдылық көрсетумен ерекшеленеді. Әсіресе, бұл қасиет қиын-қыстау кезеңде анық байқалады. COVID-19 пандемиясы кезінде мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге көпшіліктің дайын екенін тағы бір рет байқадық. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша «Елбасы жылуы» акциясын биыл үшінші рет жүзеге асырып жатырмыз. Алдыңғы екі акцияның арқасында еліміздің түкпір-түкпіріндегі 1300-ден астам отбасыға көмек көрсетілді, - дейді Нұрсұлтан Назарбаев Қорының атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлы.

«Серіктестерімізге, оның ішінде LIDER KZ еріктілер қозғалысының мүшелеріне акцияны ұйымдастыруға қолдау жасап, атаулы көмек беру үшін мұқтаждар тізімін жасағандары үшін рахмет айтамыз. Игі бастаманы толыққанды қолдау өте маңызды. Қазақстан халқын келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз және барлық отандастарымызды мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, жақсылық жасауға шақырамыз», - деді акцияның маңызына тоқталып, халықты қайырымдылыққа үндеген «Дегдар» гуманитарлық қорының директоры Лаура Ахметова.

Түсініктеме қалдыру