news-img

Әлеуметтік идеялар жәрмеңкесіндегі іс-шараның бірі дәрістер мен шеберлік сыныптары. Жыл сайын біз менеджмент, жобалық басқару, әлеуметтік кәсіпкерлік, коммерцияландыру саласындағы үздік жаттықтырушыларды шақырамыз. Биылғы жәрмеңке де сол әдетінен жаңылмады: финалистер мен іс-шара қонақтарының алдында танымал адамдар түрлі іс-шара өткізді. 

Э.ғ.к., доцент, өнер саласындағы магистр, медиа менеджер Аида Досаева байланыс бойынша шеберлік сыныбын өткізді. Басқарудың жаңа дәуірінде адамдарды басқаруды қалай құру керектігі мен жоба менеджерлері үшін басқарудың қалай жұмыс істейтінін айтты. Спикер заманауи коммуникациялық технология ғасырында мұның бірінші орынға шыққанын, іскерлік байланыс орнатуда дағдыны күшейтудің, коммуникациялардың негізгі қағидаларын түсінудің маңызды екенін ерекше атады.

Жәрмеңкеде қатысушылар business speed-dating форматында бір-бірімен іскерлік қарым-қатынас дағдысын шыңдады. Бұл серіктестік орнатудағы жаңа байланыстарға жол ашады. 

«Навстречу переменам» балалық шақ саласындағы әлеуметтік бастамаларды қолдау қорының тең құрылтайшысы, фандрайзерлер қауымдастығының (Ресей) Басқарушы кеңесінің мүшесі Татьяна Бурмистрованың дәрісі жәрмеңке финалистері ерекше іс-шараға айналды. Тақырып: «Инвестициялар мен қайырымдылыққа тарту табысының кепілі ретіндегі әлеуметтік жобалардың дәлелденген тиімділігі. Коммерциялық емес нарықта қалай сәтті бәсекелесуге болады?».

- Социализмнен өткен елдердегі коммерциялық емес ұйымдар мен әлеуметтік кәсіпорындар әрдайым ресурстың жетіспеушілігі жағдайында жұмыс істейді, сол себепті коммерциялық емес нарықтағы бәсекелестік коммерциялық секторға қарағанда жоғары. КЕҰ ең әуелі әлеуметтік немесе экологиялық салаларға оң әсер етеді. Мәселені анықтап, тиімді шешім таба білу және донорға немесе инвесторға қызметінің әлеуметтік әсерін көрсете білу әлеуметтік мақсатта құрылған ұйымдардың маңызды бәсекелестік артықшылығына айналады, - дейді Татьяна Бурмистрова.

Түсініктеме қалдыру