Түркістанда аутизм және менталдық ауытқуы бар балаларға арналған «Қамқорлық» орталығы ашылды
Түркістанда аутизм және басқа да менталдық ауытқуы бар балаларға арналған «Қамқорлық» орталығы салтанатты түрде ашылды. Іс-шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры басқарма төрағасының орынбасары, басқарма мүшесі София Айсағалиева, сондай-ақ «Қамқорлық қоры» корпоративтік қорының директоры Арайлым Еркінова қатысты.