Ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» ұлттық олимпиадасы
«Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасы ҚР Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 бұйрығына сәйкес, 2020 жылдан бастап ауыл мектептерінде оқитын 6-сынып оқушылары үшін өткізіліп келеді.
Олимпиада екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең прокторинг жүйесін қолдану арқылы онлайн форматта өтеді. Екінші кезең Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесе офлайн форматта ұйымдастырылады.
Бірінші кезең оқушының логикалық және кеңістіктік ойлауын бағалауға арналған. Екінші кезеңде қатысушылар математикалық сауаттылық, орыс тілі (орыс сыныптарының оқушылары үшін), қазақ тілі (қазақ сыныптарының оқушылары үшін), жаратылыстану және ағылшын тілі пәндері бойынша тест тапсырады.
Олимпиада нәтижесі бойынша мың бала жеңімпаз атанады. Ал ең жоғары балл жинаған оқушылар Оқу-ағарту министрлігі бөлген квота бойынша дарынды балаларға арналған «Дарын» мектептерінде, «Білім-инновация» лицейлері және Республикалық физика-математика мамандандырылған мектептерінде оқуын жалғастыра алады.
Ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» ұлттық олимпиадасы