contest-img

El Umiti Premiasy - Қазақстанның талантты жастарын жан-жақты қолдауға және олардың әлеуетін арттыруға арналған жоба. Бұл бастама оқуда, шығармашылық саласында, спортта және қоғамдық өмірде айтарлықтай жетістіктерге жеткен, мақсатқа ұмтылған әрі әлеуметтік жауапкершілігі жоғары жас буын өкілдерін анықтауды көздейді. Жоба барысында қатысушылар тұлғалық өсу кезеңінен өтіп, соңында өздерінің жеке жобаларын қорғайды. Қорғаудан өткендерге өз идеяларын жүзеге асыру үшін 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық беріледі.

Жоба аясында жыл сайын «El Umiti» жазғы білім беру лагері ұйымдастырылады. Мұнда оқу кезеңінде жоғары нәтиже көрсеткен Қор жобаларының 200 белсенді қатысушысы жиналады. Лагерь бағдарламасы аясында оқыту тренингтері, шеберлік сабақтары мен мотивациялық кездесулерді қамтитын пайдалы шаралар, сондай-ақ кешкі мәдени демалыс шаралары өткізіледі.

Сайт: https://premia.elumiti.kz/

Бөлісу
    contacts-Тоқышева Наркес
    Тоқышева Наркес

    El Umiti Premiasy

    Әлеуметтік навигатор