contest-img

«Қамқорлық» бағыты аясында қажеттілігі жоғары өңір мектептерінде 16 инклюзивті  кабинет ашылды.  Бүгінгі таңда білім беру жүйесінде оқытудың ерекше бағытын қажет ететін 153 230 бала бар. Оның  46000-нан астамы инклюзивті білім алумен қамтылған.

Жобаның басты мақсаты - ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту, тәрбиелеу және дамытудың тиімді моделін құру, сондай-ақ ата-аналар мен мұғалімдерге оқыту мен тәрбиелеу әдістерін таңдауда көмектесу.

Инклюзивті қолдау кабинеттері Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Түркістан облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында ашылды.

Инклюзивті кабинеттердің жұмысы ерекше білім алу қажеттілігі бар немесе осындай қатерге жақын ерте жастағы балаларға мамандандырылған медициналық, педагогикалық және әлеуметтік көмек көрсетумен айқындалады.

Қол қойылған Меморандумға сәйкес, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ инклюзивті кабинеттің 8-не жабдық сатып алды.  Қосымша тағы 8 бөлмеге  жабдықтар сатып алуды қаржыландыруды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қамтамасыз етеді.

Жергілікті атқарушы орган  орта білім беру мектептерінде жай бөлуді қамтамасыз етіп, бекітілген сызбалар мен дизайн жобаларына сәйкес жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Нұрсұлтан Назарбаев Қоры  16 инклюзивті кабинеттер үшін маман даярлауды қаржыландырады.

 

contacts-Нұрханова Маржан Ерболқызы
Нұрханова Маржан Ерболқызы
Жоба менеджері

Инклюзияны қолдау кабинеттері

описание в медиа

Әлеуметтік навигатор