contest-img

Республикалық «Қайырымдылық керуені» байқауы халықтың азаматтық бастамаларын жандандыруға және мейірімділік, қайырымдылық, қамқорлық және гуманизм сияқты адамгершілік құндылықтарды нығайтуға бағытталған.

БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ: Қайырымдылық идеясын насихаттау, белсенді азаматтық бастаманы дамыту.

БАЙҚАУДЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
1. Қазақстандағы қайырымдылықтың дамуын ынталандыру
2. Өзара көмек көрсетудің ұлттық дәстүрлерінің жаңғыруына ықпал ету.
3. Қоғамдық санада заманауи қайырымдылық жасаушы идеалын қалыптастыру
4. Халықтың қайырымдылық қызметі туралы қоғамның  хабардар болуын арттыру.

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР:
1. Нұрсұлтан Назарбаев Қоры;
2. Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы;
3. Республикалық «КТК» телеарнасы.

2022 жылы байқауға қатысу үшін 1033 өтінім берілді:
1. «Асар» номинациясы - 82
2. «Туған жер» номинациясы - 172
3. «Батыл жүрек» номинациясы - 161
4. «Мейірім жолында» номинациясы - 403
5. «Қайырымдылық тарихы» номинациясы - 107
6. «Бала жүрегі» номинациясы - 48
7. «Жануарға мейірім» номинациясы - 60.

Жыл сайын жобаға қатысуға өтінім берушілер саны қарқынды өсуде. 2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 1033 өтінім келіп түссе, ал 2018 жылы 97 өтінім, 2019 жылы 231 өтінім және 2020 жылы 667 өтінім келген.

contacts-Медеу Карсакбаев
Медеу Карсакбаев
Жобалық офисінің аға үйлестірушісі

«Қайырымдылық керуені» республикалық байқауы

     

Әлеуметтік навигатор