contest-img

Жобаны жүзеге асыру барысында музыкалық репертуарды кеңейту, отандық жас композиторлар мен ән авторларын қолдау мақсатында жаңа балалар әндерінің жинағы жасалады. Байқаудың барлық кезеңіне балалар тегін қатысады. Байқау қорытындысы бойынша дипломанттар білім беру гранттарын алу арқылы республиканың музыкалық оқу орындарында білімін жалғастыруға мүмкіндік алады.

Жобаның міндеттері:
1. Музыкалық дарынды балаларды анықтау және қолдау, олардың шығармашылық әлеуетін іске асыруға және қабілеттерін одан әрі дамытуға көмектесу.
2. Патриотизмге тәрбиелеу, жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыру, қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

Жоба тарихы:
Байқаудың бірінші маусымы 2016 жылы өтті, оған 3 812 бала қатысты. 2016-2022 жылдар аралығында іріктеу кезеңіне 31 218 бала қатысты. Байқау аясында балаларға арналған жаңа әндер жинағы жарық көрді, оған отандық композиторлар жазған 75 композиция кірді.

2018 жылы байқау ҮЕҰ арасында мәдениет және өнер саласындағы үздік отандық жоба ретінде мемлекеттік сыйлық иеленді. Вокал, хореография және актерлік шеберлік бойынша онлайн оқыту курсы әзірленді.

Іріктеу кезеңінің мақсатты тобы: 8 жастан 12 жасқа дейінгі балалар.

contacts-Медеу Карсакбаев
Медеу Карсакбаев
Жобалық офисі басшысының орынбасары

«Бала дауысы» ұлттық балалар ән байқауы

          

Әлеуметтік навигатор