contest-img

«Дәуір жасампаздары/Замандастар» тарихи-мемориалдық жобасының мақсаты қазіргі заман тарихын жаңаша пайымдау, дәстүрлі тарихи оқиғаларды, тұлғаларды жаңа көзқараспен зерттеу, жаңа әдістер арқылы қайта бағалау. Жоба әлемнің, аймақтың, ұлттың тарих барысына әсер еткен оқиғалардың, қоғам мен мәдениеттің дамуына айрықша үлес қосқан тұлғаларды дәріптеп, тарихи маңызын айқындауға бағытталған.

Жобаны іске асыру аясында тақырыптың ғылыми-зерттеуге, музей ісіне ғана емес, Қазақстан Республикасының тарихы мен қазіргі замандағы өзекті қоғамдық-саяси мәселелермен ұштасатын түрлі іс-шараларды қамтиды.

Сонымен қатар, жоба аясында шетелдің ғылыми және мәдени ұйымдарымен, ТМД елдерінің арнаулы мекемелерімен серіктестік орнату қарастырылған.

Бөлісу
    contacts-Музей-көрме қызметі
    Музей-көрме қызметі
    contacts-Музей-көрме қызметі
    Музей-көрме қызметі

    «Дәуір жасампаздары/Замандастар» тарихи-мемориалдық жобасы

    Әлеуметтік навигатор