contest-img

Өзектілігі

Халықтың қартаюы - қазіргі қоғам тап болып отырған басты жаһандық мәселенің бірі. Қазақстанда да көптеген басқа елдегідей өмір сүру ұзақтығының артуы байқалады, бұл өз кезегінде жасқа байланысты аурулардың көбеюіне әкеледі. Осыған байланысты геронтология мен гериатрияда инновациялық тәсілдерді әзірлеу мен енгізудің маңыздылығы бұрынғыдан да артып отыр.

Қазіргі уақытта елде геронтология саласын дамытуға және қартаюға қарсы медициналық құралдарды жасау бойынша қолданбалы жобаларды жүзеге асыруға бағытталған мамандандырылған зертхана жоқ.

Соңғы бес жыл ішінде Қазақстанда геронтологиялық бағыттағы Start-App компаниясы - «VictusPharm» ЖШС (ғылыми қызметке лицензиясы бар, білікті қызметкерлері, ең төменгі қажетті жабдықтары, сондай-ақ Ғылым комитетінен екі геронтологиялық гранты бар) жұмыс істеп келеді. «Инновациялық және профилактикалық медицина институты» КҚ мен «VictusPharm» ЖШС бірлескен геронтология және қартаюға қарсы фармакология бойынша мамандандырылған зертханасын құру геронтологияны дамыту мақсатына жетуді жеделдетуге мүмкіндік береді.

Жобаның мақсаты

Геронтология және қартаюға қарсы фармакология саласындағы озық әзірлемелер орталығына айналатын ғылыми-зерттеу базасын құру. Зертхана егде жастағы халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға, белсенді ұзақ өмір сүруді арттыруға және жасқа байланысты аурулардың қаупін төмендетуге бағытталған инновациялық шешімдерді әзірлеуге ұмтылады.

Жобаның міндеттері

Геронтология және қартаюға қарсы фармакология зертханасы мынадай міндеттерді орындайды:
• Жасуша дақылдарында қартаюдың жеделдетілген фенотипімен (SASP) іргелі зерттеулер жүргізу;
• Геропротекторларды скринингтен өткізу;
• Геропротекторлық белсенділігі бар заттардың қауіпсіздігін, уыттылығын және тиімділігін бағалау бойынша клиникалық зерттеулер жүргізу;
• Геропротекторлық белсенділігі бар жаңа функционалды тамақ өнімдерін жасау;
• Геропротекторларға арналған экзосомалар, нанобөлшектер, өсімдік экзосомасына ұқсас нанобөлшектер түріндегі тасымалдау жүйелерін әзірлеу;
• «Биологиялық жасты» анықтау бойынша геронтологиялық қабылдауға зертханалық сүйемелдеу жүргізу;
• Ғылыми-зерттеу гранттарын және келісімшарттық зерттеу жобаларын алу және орындау;
• Әзірленген құралдардың тиімділігі мен қауіпсіздігін растау үшін клиникалық зерттеулер жүргізу;
• Геронтология және фармакология саласындағы білім мен технология деңгейін бірлескен зерттеулер мен әзірлемелер арқылы арттыру; 
• Егде жастағы адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін алдын алу медицинасына инновациялық әдістерді енгізу.

Бөлісу
    contacts-Гуляев Александр Евгеньевич
    Гуляев Александр Евгеньевич
    Профессор

    «Геронтология және қартаюға қарсы фармакология зертханасын құру» жобасы

    Әлеуметтік навигатор