Инновациялық жобалар

Цифрлық өнімдер нарығы өсіп отыр, яғни инновациялық қызметтер мен бағдарламаларды жасайтын мамандарға сұраныс артып келеді. Бұл салада Қордың KazRoboProject ғылыми-техникалық жобалар байқауы, AITU Open спорттық бағдарламалау олимпиадасы, «Озық ұрпақ» спорттық робототехника саласындағы оқытушылардың біліктілігін арттыру курстары және т.б. жобалар тиімділігін көрсетті.
Жыл сайын жобаларға жүздеген қазақстандық баланың қатысуы қуантады. Ал жобаның үздік қатысушылары АҚШ-тың NASA ғарыш агенттігінен бастап Қытай мен БАӘ-дегі инновациялық челлендждерге дейінгі ірі халықаралық байқаулардың жүлдегері атанды.
Әлеуметтік навигатор
Жобалар

OZYQ URPAQ
Бағдарлама Қазақстан аумағындағы орта мектептердің робототехника пәні мұғалімдерінің біліктілігін көтеруге, оқушылардың роботтарды құрастыруға және бағдарламалауға қызығушылығын арттыруға бағытталған.

Робототехника бойынша ROBOCON республикалық чемпионаты
Цель Чемпионата - пропаганда среди молодёжи современных технических знаний, развитие стартап проектов и активное вовлечение студенчества в инновационную среду.

Smart Zholy бағдарламасы
Бағдарлама қазақстандық жас бағдарламашылар мен стартаперлерге арналған, олар өздерінің стартаптарын Азияның жетекші венчурлік қорларына ұсына алады, сондай-ақ халықаралық компаниялармен серіктестікте жаңа инновациялық өнімдер мен сервистер жасай алады.