Халықаралық серіктестік
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тұрақты даму мен жаһандық және өңірлік қауіпсіздік аясындағы бейбіт бастамаларын насихаттау мақсатында Нұрсұлтан Назарбаев Қорының жұмысы түрлі халықаралық ұйымдармен өзара тиімді әрі серіктестік қарым-қатынас орнату мен халықаралық имидж қалыптастыруға бағытталған.

Бастама сипаттамасы
Халықаралық ынтымақтастық туралы
Бүгінде Нұрсұлтан Назарбаев Қоры АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Ресей, Қытай, Корея Республикасы, Жапония, Испания және басқа мемлекеттердің қоғамдық ұйымдары, аналитикалық құрылымдарымен сенімді қарым-қатынас орнатқан. Қор серіктестермен білім және ғылым, мәдениет пен өнер, инновациялар мен жаңа технологиялар, әлеуметтік жобалар мен қайырымдылық сияқты ортақ негіздерді ескеріп, Тәуелсіздік жылдарында қалыптасқан мемлекеттер арасындағы екіжақты қатынастардың бірегейлігіне сүйене отырып жүйелі жұмыс атқарады.
Елбасының антиядролық бастамалары
Қазіргі таңдағы саяси шиеленіс, ядролық күштердің өршуі, жаңа технологиялардың өсуі және қаруды бақылау туралы келісім жүйесінің әлсіреуі жағдайында Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаев қауіпсіздік, бейбітшілік және келісім идеяларын насихаттап, ядролық қаруды жаһандық қысқарту процесінің белсенді қатысушысы болып келеді.
Басқа елдерді ядролық держава мәртебесінен бас тартуда біздің елден үлгі алуға шақыра отырып, Н.Назарбаев 2019 жылы жаңа халықаралық платформаны – Ядролық қарусыз әлем көшбасшыларының жаһандық альянсын құру идеясын ұсынған болатын.
Халықаралық ынтымақтастық аясындағы іс-шаралар:
2019 – 2020 жылдар аралығында төмендегі іс-шаралар сәтті өткізілді:
- Astana Club V мәжілісі (Нұр-Сұлтан қ.)
- "Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығын" марапаттау рәсімі (Нұр-Сұлтан қ.)
- Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың "Бейбітшілік кіндігі" кітабының норвег тіліндегі нұсқасының тұсаукесері
- Сеулде Корей түбегін ядролық қарусыздану мәселелері бойынша І және ІІ-Қазақстан - Корей форумы (Нұр-Сұлтан және Сеул қ.)
- "Жаһандық ядролық қарусыздану: Әлем әрекетке дайын ба?" дөңгелек үстел (Нұр-Сұлтан қ.)
- Елбасының ядролық қаруды таратпау және қарусыздану саласындағы бейбіт бастамаларын талқылауға арналған дөңгелек үстел (Лондон қ.)
- Халықаралық қауіпсіздік және жаһандық ядролық диалогты қалпына келтіру атты халықаралық онлайн конференциясы(Нұр-Сұлтан қ.)
- «Қазақстан мен ЕО арасындағы қатынастар: серіктестік орнатудан болашаққа бағдар» (Брюсcель қ.)
Қор өкілдігі
2019 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Қорының өкілдігі Ұлыбританияда ашылды. Бір жыл ішінде өкілдік Еуропада елдерінде 20-дан астам іс-шараларды өткізді (дөңгелек үстелдер, көрмелер, фильмдер таныстырылымы және т.б.).
Ғылым мен мәдениет саласындағы ынтымақтастық
Қордың халықаралық ынтымақтастық бағыттарының бірі – үздік ЖОО және зерттеу институттарымен қарым-қатынас жүргізу. Осы орайда 2019 жылы Фонд делегациясы Мәскеу мемлекеттік университеті мен Санкт-Петербург мемлекеттік университеттерінің басшылармен кездесу өткізу барысында қазақстандық және ресейлік аналитикалық орталықтар мен ғылыми орта өкілдері арасында тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін талқылады.
2019 жылдың қараша айында Нұрсұлтан Назарбаев қорының делегациясы Лондон қаласында Британдық Кеңес басшылығымен, Кембридж университетінің ғылыми және білім беру орталықтарымен, қазақстан-британдық қоғаммен, Лордтар Палатасының мүшелерімен келіссөздер, сондай-ақ Лондонда оқитын қазақстандық докторанттармен және студенттермен кездесу өткізді.
Кездесулер аясында Кембридж университетімен меморандумға қол қойылып, білім беру бағдарламалары мен ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру, сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Қорының жеңімпаздары мен лауреаттарының стартап жобаларын қолдау туралы келісімге келді.
Өзінің мықты ғалымдарымен танымал Робототехника, инжиниринг орталықтары мен Кавендиш зертханасы (Нобель сыйлығының 34 лауреаты осы орталықтардан шыққан) қазақ жастары үшін практикалық сабақтар өткізуде базаларымен бөлісуге дайын.
Сондай-ақ Қор делегациясы ерекше қажеттіліктері бар балаларға медициналық және әлеуметтік оңалту және инклюзивті білім беру аясында кездесулер өткізді.
Тағы бір кездесу «Chatham House» аналитикалық орталығының қабырғасында өтіп, әлемдік беделді орталықтардың бірі – Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты (ӘЭСИ) арасында ынтымақтастық орнату мәселелері талқыланды.
Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы мәдени-гуманитарлық қарым-қатынасты дамыту мақсатында, сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен «Korea Foundation» арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумдарға сәйкес, 2019 жылдың сәуірінде Сеулде «Наурыз» фестивалі ұйымдастырылды. Заманауи этно-фольклор жанрында өнер көрсеткен қазақстандық «Ұлы Дала» тобы корейлік көрермендерді «Ұлы даламыздың» ұлттық музыкасымен таныстырып, ұлттық музыкалық аспаптарда шебер ойнайтындығын көрсетті.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Қорының Алматы қаласындағы өкілдігі, Қор жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты мен «Орталық Азия – Корея Республикасы» ынтымақтастық форумының Хатшылық басшылығымен кездесу өтті. Кездесу барысында тараптар екі елдің жас сарапшылары үшін ғылыми зерттеулер мен іскерлік тәжірибелерді өзара ұйымдастыру мүмкіндіктерін талқылады.
«Тәуелсіздік дәуірі» кітабы
2019 жылы Қор Елбасының "Тәуелсіздік дәуірі" кітабын шет тілдерде басып шығаруды жалғастырды. Наурыз айында "Тәуелсіздік дәуірі" Бразилияда португал тілінде жарық көрді, ал шілде айында кітап румын тіліне аударылып, Бухарест қаласында таныстырылды.
«Назначенный временем» деректі фильмі және «Ұлы Дала тарихы» кітабы
Халықаралық жобаларды жүзеге асырумен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры Қазақстан мен Ұлт көшбасшысы туралы имидждік фильмдер, кітаптар мен альбомдарды ұсынуда жан-жақты қолдау көрсетіп келеді.
Қордың қолдауымен Р. Кудояровтың Тұңғыш Президент – Елбасы туралы «Назначенный временем» атты деректі фильмінің ағылшын және француз тілдеріндегі тұсаукесер көрсетілімі Лондон, Брюссель, Вена, Оттава, Торонто, Гаага және Загреб қалаларында өтті.
Кітаптың қызықты мазмұнының, оны жазуда пайдаланылған материалдардың жоғары бағасының арқасында «Ұлы Даланың Тарихы» кітабы 2019 жылдың қараша айында Прагада өткен «Card Couture Award-2019» байқауында «Үздік кітап» номинациясының жеңімпазы атанды.
Астана Клубы
2020 жылдың 19 қарашасында Қор Әлемдік Экономика және Саясат Институтымен (ӘЭСИ) бірлесіп Халықаралық қауіпсіздік және жаһандық ядролық диалогты қалпына келтіру бойынша Халықаралық онлайн конференция өткізді.
Онлайн-конференция аясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев негізгі спикер ретінде қатысты, сондай-ақ «Астана клубы» Консультативтік кеңесінің жетекші мүшелері, бірқатар танымал әлемдік саясаткерлер мен сыртқы саясат және ядролық қауіпсіздік саласындағы сарапшылар бейнебаяндама жасап қатысты.
Конференцияның маңызды оқиғасы – Британ-Қазақстан қоғамының төрағасы Руперт Гудманның Ұлыбританияда танымал «FIRST» баспасымен шығарылған «Ұлт атасы: Әлем адамы. Көшбасшылық тарихы» кітабының таныстырылымы болды.
Конференцияның негізгі нәтижесі – Астана клубының Консультативтік Кеңесі мүшелерінің әлемдік көшбасшыларға Жаһандық Көшбасшылар Альянсын (ЖКА) құру және қолдау қажеттілігі жайында үндеуі болды.
«Ұлт атасы: Әлем адамы. Көшбасшылық тарихы» кітабы
2020 жылғы 25 қарашада «Euractiv» агенттігі Брюссельдегі Қазақстан Елшілігімен бірлесіп ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы күніне орай «Қазақстан мен ЕО арасындағы қатынастар: серіктестік орнатудан болашаққа бағдар» тақырыбында виртуалды дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел аясында Ұлыбританияда танымал «FIRST» баспасы шығарған Британ-Қазақстан қоғамының төрағасы Руперт Гудманның «Ұлт атасы: Әлем адамы. Көшбасшылық тарихы» кітабының таныстырылымы өтті. Кітап Н.Назарбаевтың Қазақстандағы және әлемдегі тарихи оқиғаларға бастау болған ауқымды шешімдері мен бастамалары туралы сыр шертеді.