Qamqorlyq
Бұл инклюзивты қоғам құруды дамыту және жынысына, жасына, ұлтына, мәртебесіне, физикалық және менталдық жағдайына бөлмей тең жағдай мен мумкіндік беруден тұратын бағыт.

«Қамқорлық қоры» корпоративтік қоры 2020 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанынан Елбасының «Қамқорлық» бастамасын іске асыру үшін құрылды.
«Қамқорлық» бастамасы инклюзивті қоғамды дамытуға бағытталған. Басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қоғамда тең жағдай мен мүмкіндік жасау. Бұл жерде олар сапалы оңалту мен педагогикалық қызметтерді алумен қатар, белсенді қоғамдық өмірге де тартылады.
«Қамқорлық қоры» КҚ әртүрлі әлеуметтік топтарды қолдауға бағытталған бірнеше жоба ұсынады:
• Мүмкіндігі шектеулі балалар
• Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар
• Қиын өмірлік жағдайына тап болған азаматтар.
«Қамқорлық қоры» қорының ұжымы түрлі саладағы сарапшылармен бірлесіп әр бағыттың тұжырымдамасын әзірлейді, құжаттамалық-құқықтық қолдауды жүзеге асырады, интерьер дизайнын, жобалық сметалық құжаттаманы әзірлеуге жетекшілік етеді, жарақтандыруға арналған ең жақсы техникалық шешімдер мен жабдықтарды іздеп табады және ғимарат іздеуден ашуға дейінгі жобаларға бас-көз болады және орталықтар ашылғаннан кейін де қолдауды жүзеге асырады. Барлық жұмыс Үкіметпен, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ-мен және өңір әкімдіктерімен және «Қазақстан халқына» ҚҚ-мен бірлесіп жүзеге асырады.
Әлеуметтік навигатор
Жобалар

15 оңалту орталығы
Оңалту орталықтары мемлекеттік ауруханалардың базасында ашылған және нейро-ортопедиялық бұзылысы бар 18 жасқа дейінгі балаларға кешенді оңалтуға көмектеседі.

«Қамкорлық» оқыту орталығы» Әлеуметтік коворкинг орталығы
Әлеуметтік осал топтарға бағытталған инновациялар мен кәсіпкерлікті дамыту орталығы

Инклюзияны қолдау кабинеттері
Өңірлердегі жалпы білім беретін мектептерде инклюзияны қолдау бойынша 16 кабинет ашылды

Инклюзивті фитнес орталығы
Ақмола облысы Қабанбай батыр ауылындағы екі залы бар инклюзивті фитнес-орталық - кәсіби спорттық құрал-жабдықтармен жарақтанған жаттығу залы және топтық сабақтарға арналған зал.

Аутистік спектрі бұзылған және басқа да психикалық бұзылысы бар балаларға арналған 8 орталық
8 орталық 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі 1 000 баланы қабылдайды.

«ҚАМҚОРЛЫҚ» ЕРТЕ АРАЛАСУ ОРТАЛЫҚТАРЫ
Мүгедектігі бар балалардың жылына 4 мыңға дейін көбеюіне және балалар мүгедектігінің алдын алу қажеттілігіне байланысты Қазақстанда алғаш рет мемлекеттік ерте араласу орталықтары құрылды.