news-img

2003 жылдан бастап Астана Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен бірегей форум – Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезін өткізу алаңы болып табылады.

VIII съезд қарсаңында біз форумның жолы неден басталғанын және оның біртіндеп әлемдік диалогтың беделді алаңдарының біріне қалай айналғанын бірге еске түсіруді ұсынамыз.

Виртуалды экспозицияға Тұңғыш Президенттің Жеке архивіндегі сирек фотосуреттер мен Жеке кітапханасындағы кітаптар кіреді. Бұл материалдар Съездің 2003 жылғы алғашқы кездесуінен бүгінгі күнге дейінгі жолын қадағалауға, отырыстардың негізгі сәттерін көруге және халықаралық ынтымақтастықтың негізіне айналған сенім ахуалын сезінуге мүмкіндік береді.

Бөлісу