«Astana club» - ең маңыздысы туралы талқылау
Қазақстан астанасында «Astana club» жұмысы жалғасуда.
Жыл сайын бұл халықаралық диалог алаңы әлемнің беделді саясаткерлері тарапынан үлкен қызығушылық тудырады.
Инновациялық даму жөніндегі конференциясы Таразда жас ғалымдарды жинады
Осы күндері Таразда Елбасының Қоры жанындағы Ғылым Кеңесі «Қазіргі Қазақстандағы инновациялық даму және ғылымның қажеттілігі» атты Халықаралық ғылыми конференция өткізеді. Қазақстан мен таяу шетелдердің 500-ден астам жас ғалымдары Dulaty University-ге келіп, бүгінгі таңда ғылыми қауымдастық алдында тұрған сын-қатерлерді талқылау үшін жиналды.
«ЖасSTAR» фестивалінде еліміздің талантты жастары әлемдік мюзиклдердің үздік хиттерін шырқайды
12 қараша /сейсенбі/ Алматыда ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры ұйымдастырған «ЖасSTAR» шығармашыл жастардың халықаралық фестивалі өтеді. Республика сарайының сахнасында еліміздің жас таланттары әлемдік мюзиклдердің үздік хиттерін орындайды. Ауқымды жобаны Алматы әкімдігі қолдады.
Нұр Сұлтан қаласында «Астана клубының» жыл сайынғы жиналысы өтеді
Жаһандық сын-қатерлерді жеңу мүмкіндіктерін, қазіргі әлемдік тәртіп мәселелерін, жаһандық экономикадағы жағдайды талқылау - бұл «Астана клубының» V сессиясының негізгі бағыттары болып болады.
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры мен британдық ғалымдар білім саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ниетті
ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Қорының делегациясы Ұлыбританиядағы ҚР Елшілігінің қолдауымен Лондонда Қор бағдарламаларын жүзеге асыру шеңберінде ынтымақтастық бойынша бірқатар кездесулер өткізді.
Тұңғыш Президенттің Қоры ғалымдарды Тараздағы ірі ғылыми форумға шақырады
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры 7 және 8 қарашада Тараз қаласындағы М.Х. Дулати атындағы мемлекеттік университеттің негізінде XIII «Инновациялық даму және замануи Қазақстанның ғылымға деген сұранысы» атты халықаралық ғылыми конференциясын өткізеді. Жыл сайын ұйымдастырылатын беделді ғылыми алаңға биылғы жылы Қазақстаннан, Қырғызстаннан және Өзбекстаннан 500-ден астам жиналады.
Ақтөбеде "Ел үміті" Тұңғыш Президент -Елбасы Қорының марафоны өтті
3 қараша, жексенбі күні Ақтөбеде алғаш рет талантты, еңбекқор жастарды қолдауға арналған «Ел үміті» жастар Тұңғыш Президент -Елбасы Қорының марафоны өтті.
«Бала дауысы» IV маусымы аяқталды
Республика сарайының сахнасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры қолдауымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, «Жандану әлемі» Қоры өткізген «Бала дауысы» ұлттық балалар ән байқауының төртінші маусымының қорытындысы шығарылды.
Алматыда II Еуразиялық шығармашылық форум өтті
«Каспий – Еуразиялық өркениеттің бесігі» атты II Еуразиялық шығармашылық форумда ғалымдар мен өнер қайраткерлері ғылым мен мәдениет мәселелерін талқылады. Еуразиялық шығармашылық одақ ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры қолдауымен өз көзқарасын білдіру, идеялармен алмасу және осы екі саланы дамыту мәселелері бойынша шешу жолдарын белгілеу мүмкіндігін береді.
Жастар туризмі іс-әрекетте. Алматыда Әлеуметтік идеялар жәрмеңкесінің жеңімпаз жобасының тұсаукесері өтті
2019 жылы 22 қазанда Алматы қаласының «Visit Almaty» туристік хабында «Туған жер: туған өлкеге саяхат» жобасының тұсаукесері өтті. 2019 жылдың жазында «Almaty Nomad» саяхатшылар клубы ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасының қоры гранттық қолдауымен Қазақстанда жастар туризмін дамыту жобасын жүзеге асырды.
Елбасының Қоры жанындағы Ғылым жөніндегі кеңесінің делегациясы Беларусь Ұлттық ғылым академиясында сөз сөйледі
Минскіде 14-17 қазан аралығында «Жастар ғылымда — 2.0'19» атты XVI Халықаралық ғылыми конференция өтті, оған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының делегациясы қатысты. Бұл форум Беларусьтің ірі ғылыми іс-шараларының бірі ғана емес, сонымен қатар ТМД елдерінің, сондай-ақ жақын және алыс шетелдердің талантты жастарының жобаларын таныстыру үшін беделді алаң болып табылады.
Тұңғыш Президент Қоры Алматыдағы «Аман келешек» инклюзивті фестиваліне үш мыңнан астам балалар мен жасөспірімдерді жинады
Өткен демалыс күндері Алматыдағы Б. Шолақ атындағы Спорт және мәдениет сарайында балалар күлкісі таратылды, жас қазақстандықтардың орындауында белгілі әндер шырқалды, сондай-ақ даму ерекшеліктерімен нормотипті балалар мен олардың құрдастарының қатысуымен спорттық ойындар мен эстафеталар өтті. Онда Алматы әкімдігінің қолдауымен ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры ұйымдастыруымен балалар мен жасөспірімдерге арналған «Аман келешек» VI Республикалық инклюзивті фестивалі өтті.
«Аман келешек» балалар мен жасөспірімдерге арналған инклюзивті фестиваль жаңа форматта өтеді
19 қазанда /сенбі/ ҚР Тұңғыш Президент Қоры Алматы әкімдігінің қолдауымен алтыншы рет «Аман келешек» - «Здоровое будущее» инклюзивті фестивалінің күмбезінің астында балалар мен жасөспірімдерді жинайды. Әлеуметтік бейімделу мен әлеуметтендіруде ерекше балаларды қолдауға арналған фестивальде Алматы қаласы мен еліміздің басқа өңірлерінен 3 000-нан астам қатысушы жиналады. Елбасы Қорының әлеуметтік маңызы бар жобасының басты серіктестерінің бірі БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) Қазақстан болды.
Елбасының Қоры ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастығы Қазақстанға не береді
Алматыда Еуропалық логистикалық қауымдастықтың (ELA) құрамына кіретін логистерді сертификаттау ұлттық орталығы ашылды. ELA логистерді оқытумен, логистика бойынша жалпыеуропалық стандарттарды әзірлеумен, кәсіби логист біліктілігін берумен, түрлі елдердің логистерінің білімі мен тәжірибесімен алмасу үшін конференциялар мен семинарлар ұйымдастырумен айналысады.
Игорь Рогов Мәскеу қ. халықаралық конференцияға қатысты
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары Рогов Игорь Иванович «Халықаралық жеке құқықты дамытудың үрдістері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.
Алматыда «The Planet of ART-2019» халықаралық фестивалінің финалистері марапатталды
Республика сарайының сахнасында Қазақстан Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының федерациясы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорымен бірлесіп ұйымдастырған «The Planet of ART-2019» халықаралық фестиваль – байқауының жабылуы өтті.
Атты жас ғалымдардың ХІІІ Халықаралық ғылыми конференциясы
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының жанындағы ғылым жөніндегі кеңес 2019 жылдың 7-8 қарашасында М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетімен бірлесіп «Қазіргі Қазақстандағы инновациялық даму және ғылымның қажеттілігі» атты жас ғалымдардың ХІІІ Халықаралық ғылыми конференциясын ұйымдастырады.
Елбасының Қоры мен «Jas Otan» жастар қанаты ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды
Бүгін Алматыда Тұңғыш Президент Қоры мен «NurOtan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының филиалы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Алматыда «The Planet of ART-2019» халықаралық фестиваль-байқауының финалы өтеді
2019 жылғы 9 қазанда /сәрсенбі/ Республика сарайының сахнасында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры мен Қазақстан Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының федерациясы ұйымдастырған «The Planet of ART-2019» халықаралық фестиваль – байқауының жабылуы өтеді.
«Қазақстандық қоғамның әлеуметтік өлшемдегі құндылықтары» зерттеу жұмысының қорытындысы жарияланды
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты (ӘЭСИ) мен Фридрих Эберт атындағы қор өкілдігі бірлесе "Құндылықтар: бізді не жақындастырады және не алшақ етеді?" тақырыбында ғылыми конференция ұйымдастырды.
Конференция аясында 2018 жылы Фридрих Эберт қоры жүргізген "Қазақстандық қоғамның әлеуметтік өлшемдегі құндылықтары" атты зерттеу жұмысының таныстырылымы өтті.