Байқаудың өткізілу уақыты: 13.02.2026 - 30.10.2026
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры Қазақстанда және шетелде мәдениет пен өнер саласындағы іс-шараларға қатысу мақсатында сапарларға арналған гранттар беру жөнінде байқау жариялайды.
Байқаудың өткізілу мерзімі
Биыл 13 ақпанынан 30 қазанына дейін өткізіледі. Конкурстық іріктеу кемінде екі айда бір рет конкурстық комиссия отырысында өтеді.
Байқаудың мақсаты
Қазақстан Республикасының жас мәдениет және өнер қайраткерлерін қолдау, кәсіби дамуына ықпал ету, сондай-ақ қазақстандық мәдениеттің жетістіктерін ұлттық және халықаралық деңгейде ілгерілету.
Байқау бағыттары
Гранттар мына бағыттар бойынша беріледі:
• әдебиет, журналистика;
• хореография, музыка, театр, кино;
• бейнелеу өнері, сәулет және дизайн.
Грант беру шарттары
• Грант жол жүру және тұру шығындарын қамтиды;
• Сапардың ең ұзақ мерзімі – 14 күнтізбелік күнге дейін;
• Гранттар конкурстық негізде беріледі.
Кімдер өтінім бере алады
Байқауға Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады:
• жасы 40-қа дейінгі, кәсіби білімі бар мәдениет және өнер қайраткерлері;
• мәдениет және өнер саласындағы оқу орындарының студенттері.
Өтінім жеке және шығармашылық ұжымдардан қабылданады:
• 3 адамға дейін;
• «хореография, музыка» бағыттары бойынша – 5 адамға дейін.
Бір күнтізбелік жыл ішінде бір үміткерден бір ғана өтінім қабылданады.
Өтінім тапсыру тәртібі
Байқауға қатысу үшін белгіленген үлгідегі өтінім, үміткердің түйіндемесі, шығындар сметасы, іс-шара бағдарламасы, іс-шараны ұйымдастырушылардан шақыру хаты, үміткер жұмыс істейтін ұйым немесе оқу орнынан қолдау хаты, шығармашылық жетістіктерді растайтын құжаттар сынды құжаттар топтамасын ұсыну қажет.
Өтінім қағаз түрінде қабылданады және белгіленген талаптарға сәйкес рәсімделуі тиіс.
Барлық қажетті форма мен толық шартын сілтеме арқылы жүктеуге болады.
Қарастырылмайтын өтінімдер
• талапқа сәйкес рәсімделмеген;
• сапар мерзімі 14 күннен асатын;
• іс-шара басталуына 60 күнтізбелік күннен аз уақыт қалғанда тапсырылған;
• электрондық пошта немесе факс арқылы жіберілген өтінімдер.
Іріктеу тәртібі
Өтінімді конкурстық комиссия төмендегі өлшемдер негізінде бағалайды:
• іс-шараның үміткердің кәсіби және шығармашылық дамуы үшін маңыздылығы;
• үміткердің жеке шығармашылық жетістіктері.
Кеңес алу үшін байланыс
Телефон: 8 (727) 339 65 40
E-mail: tismailov@fnn.kz
Исмаилов Тимур Мұратұлы
Құжаттарды мына мекенжайға жіберу керек
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050043, Бостандық ауданы, Мұсабаев к-сі, 12
