image-main

Байқаудың өткізілу уақыты: 29.04.2026 - 15.09.2026

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры Қазақстанның дарынды жастарын қолдауды жалғастырып, студенттік стипендиялар тағайындауға арналған жыл сайынғы байқаудың басталғанын хабарлайды. Бағдарлама студенттердің оқу, ғылыми және шығармашылық белсенділігін ынталандыруға және ел дамуына үлес қоса алатын жаңа буын мамандарын қалыптастыруға бағытталған.

Қордың стипендиялары дербес және жоғары оқу орындарының, сондай-ақ өнер мен мәдениет саласындағы оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқитын студенттерге байқау негізінде беріледі. Бұл стипендиялар мемлекеттік және өзге де төлемдерге қосымша ретінде тағайындалып, бір оқу жылы бойы, екі семестр ішінде ай сайын төленеді.

Байқауға Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Үміткерлер кемінде екі курсты сәтті аяқтаған, жоғары академиялық үлгерімі бар және ғылыми, қоғамдық немесе шығармашылық салада белсенділік танытқан болуы тиіс. Шығармашылық мамандықтарда оқитын студенттер үшін республикалық және халықаралық байқаулар мен фестивальдердегі жетістіктері міндетті шарт саналады.

Байқау екі кезең бойынша өткізіледі. Алғашқы кезеңде білім беру ұйымдары ең үздік үміткерлерді іріктеп, ұсынады. Екінші кезеңде республикалық деңгейде Қор ұйымдастырған конкурстық комиссия өтінімдерді қарастырады.
Қатысу үшін үміткерлер өтініш, оқу орнының ұсыным хаты, академиялық үлгерімін растайтын құжаттар, сондай-ақ ғылыми, шығармашылық және қоғамдық жетістіктерін дәлелдейтін материалдардан тұратын құжаттар топтамасын өткізуі керек.

Стипендия тағайындау туралы шешімді конкурстық комиссия қабылдайды және Қордың бұйрығымен бекітіледі. Жеңімпаздар Қормен келісімшартқа отырып, төлемдерді алумен қатар, оқу және кәсіби қызметте әрі қарай жоғары нәтиже көрсетуге міндеттенеді.

Іріктеу барысында ғылыми жарияланымдары, конференцияларға қатысуы, олимпиадалар мен байқаулардағы жеңісі сынды үміткерлердің нақты жетістіктеріне ерекше мән беріледі. Тең жағдайда әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға жататын студенттерге басымдық беріледі.

Конкурс нәтижелері Қордың ресми сайтында жарияланып, білім беру ұйымдарына тиісті ресми хабарлама жолданады.

Қор бұл стипендиялық бағдарламаны бастамашыл жастарды қолдаудың және елдің зияткерлік әлеуетін арттырудың маңызды тетігі ретінде қарастырады.

Стипендия тағайындау ережелерімен толығырақ сілтеме арқылы танысуға болады.

Бөлісу