«Бала дауысы» Ұлттық балалар ән конкурсы басталады
2019 ж. 29 наурызы мен 1 маусымы аралығында еліміздің барлық аймақтарында 8-12 жас шамасындағы балалар үшін «Бала дауысы» Ұлттық балалар ән конкурсының кастингтері өтеді. Оның мақсаты - жас таланттарды анықтау және оларды ары қарай қолдау. Шығармашылық конкурс ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры қолдауымен «Жандану әлемі» Қорымен өткізіледі.
Балалар ересектермен бірге кастингке келіп кез келген 3 әнді орындаулары тиіс: біріншісі - мемлекеттік тілде, екіншісі - ағылшын тілінде, үшіншісі - баланың қалауы бойынша.
Биылғы жылы қосымша пункт енгізіледі: бір композицияны қатысушы ата-анасының бірімен немесе педагогпен бірге орындай алады.
Кастингтер аяқталғаннан кейін, финалистерді Алматы қ. «Жұлдызды үйге» тәлімгерлермен, продюсерлермен және композиторлармен кездесуге шақырады және олармен бірге әр бала үшін жеке жазылатын композицияның стилі мен бағыты таңдалады.
Балалардың өнерін Қазақстанның танымал әртістерінен құралған 17 әділ-қазылар мүшесі, сондай-ақ телекөрерменлер смс-хабарлама арқылы бағалайды. Гран-при иегері, қалыптасқан дәстүр бойынша Диснейлендке аттанады және Ұлттық өнер университетінде білім алуға Грант алады.
Конкурстың форматы мен қатысу шарттары туралы «Бала дауысы» конкурсының сайттарынан білуге болады.