news-img

Тараптар шетелдік отандастарымыздың қазақ тілін еркін меңгеруі үшін жағдайлар жасауға, сондай-ақ тиімді тіл саясатын іске асыруға қатысуға келісті.

Жақын арада бріккен күштермен шет елдегі отандастар үшін қазақ тілін үйрету курстары іске қосылатын болады. Оқыту онлайн режимінде Skype арқылы өтеді.

Басқа елдердегі мүдделі қазақ этномәдени және қоғамдық бірлестіктермен тығыз ынтымақтастық жоспарлануда. Интерактивті тақталармен жабдықталған арнайы қазақ тілі кабинеттері ашылады. Бұл үйренушілер өз бетімен оқумен қатар, басқа оқушылармен бірге жиналып, қарым-қатынас жасай алатын жексенбілік мектептер желісі түрінде болады. Тілді кабинеттен тыс кез келген уақытта оқу мүмкіндігіне қарамастан, ұйымдастырушылар оффлайн-кеңістік те ұйымдастыру қажет деп санайды.

Шетелдік отандастар үшін инновациялық әдістерге негізделген қазақ тілін меңгерудің тиімді жүйесі әзірленуде, дейді Мемлекеттік тілді дамыту Қорының басшысы Азат Шауеев.

 «Бізде Soyle.kz.порталының базасында қашықтықтан оқыту тәжірибесі бар. Бұл Интернет арқылы онлайн режимінде қазақ тілін оқыту және дәріптеу бойынша Қазақстандағы алғашқы тегін жоба.  Ол осы істегі басқа мемлекеттердің тәжірибесін үлкен зерттеудің, талдау мен танысудың нәтижесінде жүзеге асты. Сондықтан біз барлығын мұқият зерттейміз. Мысалы, біздің шетелдік отандастарымызға ыңғайлы болуы үшін, біз порталдың ағылшын-латындық нұсқасын құрдық. Енді қазақ тілін латын әліпбиімен оқуға болады»,- деп ақпараттандырды ол.

Сонымен бірге, келісімде тіл саясаты бойынша біріккен қызмет жасау, электронды ақпараттық кеңістікте мемлекеттік тілді дамытуға ықпал ететін отандық сайттардың жұмысына үлес қосу, сондай-ақ шетелдегі отандастар үшін қазақ тілі бойынша оқу құралын әзірлеу көзделген. 

Түсініктеме қалдыру