news-img

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры Алматыдағы өкілдігі Литва Республикасының делегациясын - елдің үздік жоғары оқу орындарының басшыларын қабылдады. Кездесуге қатысушылар екі мемлекеттің талантты жастарын қолдау саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

 

Қордың Алматыдағы өкілдігінің директоры Сергей Тохтаров шетелдік қонақтарды Қордың қызметімен таныстырып, оларға ұйымның басты міндеттері туралы, ғылым мен білімдегі жас таланттарды қолдау, қайырымдылық қызметі, қазақстандық ҮЕҰ-ң идеялары мен жобаларын іске асырудағы көмек туралы айтып берді.

 

Делегация құрамына Каунасс технологиялық университетінің (KTU), Ұлы Витовт Университетінің және Вильнюс мемлекеттік техникалық университетінің өкілдері кірді.

 

С. Тохтаров кездесу барысында Қор жанында қызмет ететін ғылым мен мәдениет бойынша Кеңестердің қызметіне ерекше назар аударды: 

 

— Ғылым бойынша кеңес пен мәдениет бойынша кеңес - бұл Тұңғыш Президент Қорының жанындағы консультациялық-кеңестік органдар. Он жылдан астам Кеңестердің күшімен Қазақстанда ғана емес, еліміздің шегінен тыс елдерде де танымал, жас қазақстандықтарды қолдауға арналған көлемді бағдарламалар мен жобалар іске асырылып келе жатыр. Басқа елдердің жас ғалымдары Қор шығаратын ғылыми жинақтарда өздерінің баяндамалары мен зерттеу нәтижелерін жариялайды, біздің конференциялар мен форумдарда сөз сөйлейді. Өз кезегінде Қордың қолдауымен, Қазақстанның жас ғалымдары шетелге жиі қонақ болады, онда олар да өздерінің әзірлемелерімен таныстырып, симпозиумдар мен ірі дүниежүзілік танымал конференцияларға қатысады. Және бұл жұмыс халықаралық ынтымақтастықтың шектерін кеңейте отырып, жылдан жылға жалғасып келе жатыр.

 

Ғылым бойынша кеңес мүшелері - Еуразия технологиялық университетінің ректоры, ассоциациялық профессор, экономика ғылымдарының кандидаты Жанар Темірбекова және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ медицина және денсаулық сақтау факультеті ҚДСЖМ директоры, медицина ғылымдарының кандидаты Айнаш Өшібаева – литвалық әріптестеріне Қордың, «Инновациялық даму және заманауи Қазақстандағы ғылымның қажеттілігі» атты жыл сайынғы жас ғалымдар конференциясы,  «Burabay Forum» халықаралық форумы және тағы басқалары секілді маңызды және нәтижелі іс-шаралары туралы толығырақ айтып берді.

 

KTU-ң математика және жаратылыстану факультетінің деканы Броне Наркевичене мектеп оқушылары мен студенттерге арналған оқу орнының конкурстарымен таныстырды. Оның әріптесі, Каунасс технологиялық университетінің халықаралық қатынастар департаментінің директоры  Гедре Шадейкайте университет туралы, оның студенттерге арналған мүмкіндіктері және KTU мен Әл-Фараби атындағы Қазақ  Ұлттық университетімен ынтымақтастық мысалында қос диплом бағдарламасы туралы толық айтып берді.

Тараптар Тұңғыш Президент Қоры мен Литва Республикасының үздік университеттері білім және ғылым саласында бірдей мақсатты көздейді деген тұжырымға келді. Қор секілді, мысалы KTU да талантты математиктерді, физиктерді, АТ-мамандарын, химиктерді анықтайды және қолдайды. 

 

Кездесуге қатысушылар алдағы іс-шараларға шақырулармен алмасты. Осылайша, Каунасс технологиялық университетінің оқытушылары мен студенттері алдағы «Burabay Forum» халықаралық форумына шақырылды.

ҚР Тұңғыш Президент Қорының баспасөз қызметі

PR-менеджер Артур Жұмашев

+7 (727) 220-92-16, +7 (708) 960-56-13

a.zhumashev@fpp.kz, www.fpp.kz

Фото: Виталий Ткач

Медиа жаңалықтар
Түсініктеме қалдыру