news-img

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының шешімімен Исекешев Әсет Өрентайұлы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының атқарушы директоры болып тағайындалды.

Жұмабаев Қанат Несіпбайұлы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының атқарушы директорының бірінші орынбасары болды.

Исекешев Әсет Өрентайұлы 1971 жылы 17 тамызда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару мектебін бітірді.

 

Бірнеше жыл жұмыс істеді:

- Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар  агенттігінің бас маманы (1998-1999);

-Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардағы нормативтік құқықтық актілерін тіркеу және бақылау департаментінің директоры (1999-2000);

-«Ұлттық заң қызметі» ЖАҚ президенті (2000 ж.);

-«Сұңқар» АӨК» ЖШС Басқарма төрағасының бірінші орынбасары, «Ұлттық консалтингтік топ» ЖШС президенті, Корпоративтік даму және құқықтық мәселелер жөніндегі вице-президент, «Ордабасы» корпорациясының"  ААҚ бірінші вице-президенті (2001-2002 ж.);

-Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі (11.2002-06.2003 ж.);

-Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда вице-министрі (06.2003-05.2006 ж.);

- «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары (12.05.2006-14.02.2008 ж.);

-Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі (14.02.2008 - 21.05.2009 ж.);

- Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі (21.05.2009-03.2010 ж.);

- Қазақстан Республикасының Вице-Премьері - Индустрия және жаңа технологиялар министрі (03.2010-12.03.2010 ж.);

- Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі (12.03.2010-06.08.2014), (04.2011 жылдан бастап тағайындалды, қайта тағайындалды - 04.04.2014 ж.);

- Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі (06.08.2014, қайта тағайындалды 30.04.2015-06.2016  ж.);

- Астана қаласының әкімі (21.06.2016-09.2018 ж.);

- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы зейнеткер (10.09.2018-24.03.2019 ж.).

 

 

Жұмабаев Қанат Несіпбайұлы

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының атқарушы директордың бірінші орынбасары

 

Жұмабаев Қанат Несіпбайұлы 1965 жылы туған. M.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің түлегі. КСРО-ның Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының сыртқы экономикалық қызметі үшін мамандарды даярлау мектебін бітірді.

Бұған дейін ол «ҚазАстыкТранс» ЖШС басқарма төрағасы, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасында жұмыс істеді, 2014 жылдан бастап «Алатау» ЛОК» АҚ-ның президенті.

Қазақстан Республикасында және шетелде мемлекеттік және жеке бизнесте мол тәжірибесі бар.

2016 жылдың желтоқсанынан 2019 жылдың 25 наурызына дейін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының атқарушы директоры болған.

«Құрмет» орденімен марапатталған.

Медиа жаңалықтар
Түсініктеме қалдыру