«Damytu Ortalygy»: балалық шақтан білім мен пайдалы дағдылар

«Damytu Ortalygy» балалар дамыту орталығы әр жастағы балаларға арналған ерекше білім беру бағдарламаларын ұсынады.
Орталықта баланың жан-жақты дамуы үшін барлық жағдай жасалған: мектепке дейінгі білім беру, ұзартылған топ, робототехника, ағылшын тілі, сурет салу, шахмат, мүсіндеу және дизайн негіздері курстары, сондай-ақ, логопед қызметі бар.
Робототехника курстары
Мектеп жасына дейінгі балалардың, оқушылар мен студенттердің бағдарламалау және робототехника саласындағы сауатын арттыруға арналған зертхана. Балалар Lego, Arduino, ESP, Raspberry Pi сынды робототехниканың негіздерін меңгереді.
Бағдарламалау курстары
Бағдарламашы – ІТ саласындағы кең ауқымды мамандық. Бұл курстарда цифрлық өнімді жобалау, құрастыру және әзірлеуге қажетті дағдылар беріледі.
Шахмат курстары
Балаларды ерте жастан интеллектуалдық-спорттық ойынға баулу. Қалалық және республикалық турнирлерге қатысу, спорттық разряд беру.
Мектепке дейінгі даярлық және ұзартылған топ (қазақ және орыс топтары)
Мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің мақсаты – баланың жас ерекшелігіне сай тұлғалық қасиетін қалыптастыруға негіз болатын алғашқы білім, білік және дағдыны дамыту.
Ағылшын тілі курстары
Курс ауызекі және жазбаша тілді меңгеруге бағытталған. Оқушылар күнделікті тақырып бойынша сөздік қорын байытып, сөзді дұрыс қолдануды үйренеді. Сабақты тәжірибелі педагог жүргізеді, ол күрделі тақырыптарды қарапайым тілмен түсіндіріп, әр балаға қолдау көрсетеді.
Көркем өнер курстары
Курс барысында балалар графикалық материалдармен және ұғымдармен танысады: сызық, штрих, реңк, жарық, көлеңке, пропорция. Затты, жеміс-жидекті, ыдыс-аяқ пен портрет салу. Сондай-ақ, ермексаздан мүсін жасау үйретіледі.
Логопед
Логопед мамандығы педагогика және психологиямен тығыз байланысты. Сөйлеу адамның жоғары психикалық қызметінің бірі, ол баланың білім алуында, әлеуметтік ортаға бейімделуінде және өзгелермен қарым-қатынас жасауында маңызды рөл атқарады.
Толық ақпарат алу үшін WhatsApp арқылы +7 778 052 94 78 нөміріне хабарласыңыз.