news-img

Алматы облысы, Талғар ауданы, Бесағаш ауылының әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасыларының балаларына сүйікті ісімен айналысуға, атап айтқанда ән айтуға, би билеуге және музыкалық аспаптарда ойнауға тамаша мүмкіндік берілді. Жуықта ол жерде «Дарын» музыкалық өнер мектебі жұмыс істей бастады.

Ашылу салтанатына Бесағаш ауылдық округі әкімдігінің өкілдері, депутаттар, Бесағаш ауылының мектеп директорлары, суретшілер, ата-аналар мен мектеп оқушылары қатысты. Салтанатқа жиналған барлық қонақтарға дарынды жастар өз шығармашылықтарын ұсынды.

«Нұршат-Нұр» қоғамдық бірлестігінің балаларға арналған музыка мектебін ашу бойынша жобасы тұңғыш Президент Қоры ұйымдастырған «Zamannyn` ziatker jastary — vision of the future» әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің жеңімпазы болып табылады.

Музыкалық аспапта ойнағанда немесе эстрадалық вокалмен әуестегенде, балалар тәуелсіз өсіп, рухани әлемді жаңаша ойлауға және бағалауға үйренеді. Сондай-ақ, жаттығу кезінде балалар көрнекті композиторлардың шығармашылығымен танысады.

Осылайша, Алматы облысының Талғар ауданынан, атап айтқанда Бесағаш, Тұздыбастау, Белбұлақ, Бірлік, Талдыбұлақ, Қызыл қайрат ауылдарынан дарынды балаларды анықтау жоспарлануда.

Медиа жаңалықтар
Түсініктеме қалдыру