news-img

Сәулет Жәнібек, Бейбіт Әсемқұл және Гүлмарал Тәтібаева – VIII Пекин халықаралық өнер биенналесінде картиналарды ұсынған еліміздің талантты суретшілері. Ал оларға Тұңғыш Президент Қоры көмектесті. Биеннале ұйымдастырушылардан шақырту алып, жас мәдениет қайраткерлері трэвел-гранттар конкурсына өтінім берді. Әрбір ізденушінің жеке шығармашылық жетістіктері мен шараның маңыздылығы жас суретшілерге жол жүру грантын ұтып алуға көмектесті.

 

Енді биенналенің өзі туралы. Айта кету керек, оған қатысу – кез келген суретші үшін бедел. Біздің отандастарымыз осы алаңда өздерінің туындыларын ұсыну үшін қатаң конкурстық іріктеуден өтті. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген 4 000-нан астам суретші көрмеге қатысуға талпынып, оның 595-іне ғана өз талантын көрсету бұйырды. Олардың қатарында үш қазақстандық бар – Сәулет, Бейбіт және Гүлмарал.

Пекин биенналесі екі жылда бір рет өтеді. Бұл барлық қоғамның зияткерлік мәселелеріне ықпал ететін оқиға: тәлімгерлер көтеретін мәселелер заманауи философиялық проблематикамен жаңғырады, ал суретшілердің жұмыстары сыналған көрерменмен диалогқа түседі. Биылғы жылы биенналенің тақырыбы «Көркем әлем және ортақ болашақ». Көрмеге мүндай атау бере отырып, ұйымдастырушылар әлемнің мәдени алуан түрлілігі туралы ойды және бірыңғай адамзат тарихының қоғамдастығы идеясын жеткізуге тырысты.

— Пекин биенналесі кең ауқымды мәселелерді қозғайды. Көзқарастардың және заманауи адамның тағдырының бірлігіне сүйене отырып,  бейбіт даму және бірігіп өркендеуге келу, қазіргі және болашақ адамзатқа өнермен негізделетін бағдар беру қажет, — деп атап кетті өз сөзінде Қытай суретшілерінің Ассоциациясы төрағасының орынбасары Сюй Ли.

Суретшілердің басты тақырыбы табиғат, тұрмыс, тарих және адамзаттың жалпы тағдыры болды. Мысалы, Гүлмарал Тәтібаева көшпенді кезеңдегі керуен жетекшісі-жас қазақ қызын бейнеледі. Жұмыс «Aigolek» деп аталды. Саулеттің «Traffic regulation» картинасы экология мәселелеріне арналған. Ал Бейбіт Әсемқұл өзінің "Ағайындар"  жұмысында отбасылық ақылдың маңыздылығын және ананың махаббаты отбасы мүшелерін қалай біріктіретінін жеткізді.

Қазақстанның болашағы зор жас суретшілерінің шығармашылығы көрме қонақтары мен журналистердің назарын аударды.

 

ҚР Тұңғыш Президенті- Елбасының

 Қоры баспасөз қызметі

PR-менеджер Артур Жұмашев

+7 (727) 220-92-16, +7 (708) 960-56-13

a.zhumashev@fpp.kz, www.fpp.kz

Медиа жаңалықтар
Түсініктеме қалдыру