news-img

Елімізде Тұңғыш Президент Қорынан қолдау алған әлеуметтік-бағдарланған жобалар жүзеге асырылуда. ҮЕҰ үшін көмек көрсету орталығы және Алматыдағы қазақ тілін үйренуге арналған клуб, Ақтауда мүмкіндігі шектеулі жастарға арналған жағажай, Ақмола облысында балаларды гуманистік тәрбиелеу бойынша креативті фестиваль – олардың барлығы Елбасының Қоры 2005 жылдан бері өткізетін әлеуметтік идеялар мен жобалар конкурсының жеңімпаздары болып табылады.

Бүгін біз тағы бір жобаны ұсынуға қуаныштымыз-бұл 16 жастан бастап мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Марс» инклюзивті шеберханасы. Осы жазда Атырауда «Жүректен жүрекке» қоғамдық қорының күшімен шығармашылық орталық ашылды. Жоба «Аман келешек қатар!» номинациясы бойынша «Zamannyn` ziatker jastary — vision of the future» әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің қорытындысы бойынша Тұңғыш Президент Қорының грантының иегері атанды.

«Марс» креативті-әлеуметтік кеңістігінде пішу және тігу, ағылшын тілі, SMM-менеджер мамандығын игеру, мүсіндеу және қолөнер курстары ашылды. Сондай-ақ мұнда жастарды әлеуметтік жобаларды жүргізуге үйрететін тренингтер өткізіледі.

«Жүректен жүрекке» ҚҚ жетекшісі Гүлбарам Ермұханова инклюзивті шеберхананы ашу мақсаты халықтың қауқары аз топтары үшін кедергісіз орта құру болып табылатынын атап өтті.

Жоба біздің балаларға қолдау көрсетуге, өзін бүкіл қазақстандық қоғамның бір бөлігі, өз елінің толыққанды азаматы ретінде сезінуге мүмкіндік берді. «Марс»-тың мүмкіндігі шектеулі жастардың бейімделуі мәселелеріне қоғам мен мемлекеттің назарын аударғаны қуантады, — деді шығармашылық шеберхананың құрастырушысы.

Орталықта бір уақытта 50 адам ата-анасының, әлеуметтік қызметкерлердің немесе балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін жауапты туыстарының сүйемелдеуімен шеберханада оқу кезінде бола алады. 

 

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры

баспасөз қызметі

PR-менеджер Артур Жұмашев

+7 (727) 220-92-16, +7 (708) 960-56-13

a.zhumashev@fpp.kz, www.fpp.kz

 

Медиа жаңалықтар
Түсініктеме қалдыру