news-img

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының Қорының жанындағы Ғылым бойынша кеңесі 2019 жылы 6-9 тамыз аралығында Нұр-Сұлтан қ. және Ақмола облысында «BURABAY FORUM: Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығы» жас ғалымдардың ІІІ Форумы н өткізеді.

Форум барысында трансшекаралық ынтымақтастық, Қазақстан Республикасы және ТМД елдерінің оқу мекемелері арасындағы байланыстарды кеңейту, біріккен ғылыми зерттеулер жүргізу мәселелерімен айналысатын отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми-теориялық және практикалық тәжірибесін жалпылау мен жүйелеуге назар аударылады. Заманауи зерттеулердің аса өзекті бағыттарын талқылау, сондай-ақ олардың ары қарай даму жолдарын белгілеу жоспарланып отыр. Форумға қатысуға 40  жасқа дейінгі жас ғалымдар мен жастардың ғылыми қызметіне мүдделі ұйымдар шақырылады.

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ СЕКЦИЯЛАРЫ

 

Жаңа функционалды материалдар және ғылымды қажетсінетін технологиялар

cmy1@fpp.kz

ХХІ ғасырдың агроөнеркәсіптік кешені: ғылым және инновациялар

cmy2@fpp.kz

Маркетинг пен логистикадағы Digital технологиялар

cmy3@fpp.kz

ХХІ ғасырдағы Еуразиялық кеңістіктегі Қазақстан: ғылым және мәдениет салаларындағы халықаралық ынтымақтастық перспективалары

cmy4@fpp.kz

Жүйелі медицина- медицина, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыздандыруды мультидисциплинарлық  дамыту

cmy5@fpp.kz

Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар

 

1. Мәтін көлемі А4 нысанында 5 бетке дейін, қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде, Microsoft Word редакторында терілуі тиіс. Қаріп 14 кегельмен «Times New Roman», «Kz Times New Roman», жоларалық интервал 1. Мәтінді туралау ені бойынша. Тасымалдарды орналастыру автоматты түрде. Беттер нөмірленбейді. 

2. Мақаланы жазған кезде келесі жоспарды ұстану қажет:

- автордың Т.А.Ә.;

- жұмыс орны, лауазымы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы;

- мақаланың атауы (жолдың ортасында нүктесіз бас әріптермен);

- бос жол;

- мақала мәтіні;

- жеке парақта - Т.А.Ә., мекен-жай, байланыс телефондарының нөмірлері, электронды адрес, туған күні (күні, айы,жылы).

3. Мақала мәтіні форум тақырыбына сай, мұқият тексерілген және түзетілген болуы тиіс, қысқартулар мен шартты белгілер олардың бірінші жазылу кезіндегі анықтамасымен бірге қолданылады.

4. Әдебиет көздеріне сілтемелерді төртбұрышты жақшаның ішіне, қолданылған әдебиеттің тізімі бойынша реттік нөмірмен көрсету қажет.

5. Мақала электронды нұсқада ұсынылуы тиіс.

6. 3 тілде қысқаша аңдатпа немесе түйіндеме болуы қажет.

7. Суреттер *.bmp, *.tif, *.jpg, *.wmf нысанында немесе или Microsoft Graf кірістірілген редакторында ақ-қара түрде орындалады. Суреттердің аты 12қаріппен, курсивпен, төменгі жақтан ортасынан жазылады.

8. Кестелер Microsoft Word кірістірілген кестелік редакторында орындалады. Кестелердің аты 12  қаріппен, курсивпен, жоғары жақтан ортасынан жазылады.

9. Формулалар MS Word Equation формулалар редакторында орындалады.

 

Жариялауға арналған материалдарды (2019ж. 20 шілдесіне дейңн) көрсетілген электронды адрестер бойынша жолдау қажет. Ұйымдастыру комитеті мақалаларды іріктеу құқығын өзіне қалдырады.

 

Материалдарды жариялау тегін.

 

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Алматы қ., Иванилов к-сі, 12 А. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры. Тел. 8 (727) 220 92 24,  Едігеева Роза Мақашқызы.

Түсініктеме қалдыру