Алматыдағы өткен концертте Тұңғыш Президент Қорының Лауреаттары танымал саундтректер мен заманауи туындылардың ерекше симбиозын ұсынды
Абай атындағы опера және балет театрының сахнасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қорының Лауреаттарының «Жүректегі арманмен- шыңға шығу жолында» концерті өтті. Дәстүрге айналған еліміздің мәдени өміріндегі бұл көптен күткен оқиға тағы да өзінің қайталанбас бағдарламасымен және ерекше форматымен таң қалдырды. Әр түрлі жастағы Тұңғыш Президент Қорының Лауреаттары мен талантты музыканттар заманауи сазгерлердің туындыларын орындап, өз өнерлерін сыйлады.
Джастин Гурвиц, Толеген Мухамеджанов, Джеймс Хорнер, Джо Хисаиши, Леонард Бернстайн, Адильжан Толукпаев, Абулхаир Жараскан, Эдуард Артемьев, Ханс Циммер – олардың есімдерін көбісі олар музыка жазған киноленталар бойынша біледі. Тұңғыш Президент Қорының Лауреаттарының керемет орындауында «Ла-Ла Лэнд», «Троя», «Вестсайдская история», «Список Шиндлера», «Гладиатор», «Путь лидера» фильмдеріндегі композициялар шырқалды.
Бұл концертті ұйымдастырушылар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған Жастар жылына арнады. Үлкен іс-шара көрермендер мен жоғары өнер табынушыларының жүрегінде терең әсер қалдырды, сонымен қатар білім беру қызметін орындады. Тұңғыш Президент Қорының лауреаттары, үлкен сахнаның шеберлері жас әртістерге арналған шығармашылық шеберлік класын берді.
Қордың Лауреаттары Абай атындағы ОБТ тарихи сахнасын бастаушы дарындармен бөлісті. Олардың көпшілігі опера және балет театрының қабырғасында алғаш рет өнер көрсетті. Жас талантты музыканттарға толқыныстарын жеңуге, көпшілікті сезінуге және өз талантын беделмен көрсетіп шығуға ҚР еңбек сіңірген қайраткері, тенор Медет Шотабаев, пианиношы-концертмейстер Гаухар Тасбергенова, флейташы Жібек Сапарғалиева, Қазақстанның алтын виолончелі Ермек Курманаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, сопрано Бибігүл Жанұзак, меццо-сопрано Татьяна Вицинская, «Астана Операның» бірінші скрипкасы Қаламқас Жұмабаева және т.б. көмектесті.
Жұбанов атындағы республикалық қазақ орта мектеп-интернатының балалар хоры көрермендерді әсерлі өнерімен баурап алды. Концерттің ең жас қатысушылары композитор және дирижер Карл Дженкинстің өз жанры бойынша күрделі «Adiemus» шығармасын орындады.
Ал концерттік кештің жарқын және әсерлі сәттерінің бірі Тұңғыш Президент Қорының Лауреаты, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ян Рудковскийдің басқаруындағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының хоры болды. Еліміздің бас музыкалық ЖОО-ның талантты студенттері Әліби Әбдінұровтың «АйнаLine» шығармасы мен «Rio» серпінді композициясын акапелло шырқады.
Концертке жас дирижер Мадияр Тойболдың жетекшілігіндегі «Ne prosto orchestra» симфониялық оркестрі ерекше көңіл-күй мен орасан зор әсер берді. Ұжымға әлі екі жыл болмағанына қарамастан, ол фильмдердегі музыканы шебер орындау арқасында танымалдылыққа ие болды.
ҚР Тұңғыш Президент Қорының баспасөз қызметі
PR-менеджер Артур Жұмашев
+7 (727) 220-92-16, +7 (708) 960-56-13
a.zhumashev@fpp.kz, www.fpp.kz