«Қазақстанның жас ғалымдарының ғылыми жетістіктері» көрмесі

2021 жылдың 8-10 қыркүйек күндері Алматы қаласында болатын «Тәуелсіз Қазақстанның интеллектуалдық әлеуеті: Қалыптасу мен дамудың 30 жылдығы» атты І халықаралық ғылым Форумы аясында «Қазақстанның жас ғалымдарының ғылыми жетістіктері» көрмесін (ең мықты жасалған тәжірибелік-құрастырушылық үлгілер мен ғылыми-техникалық жұмыстарды таныстыру) өткізу жоспарланған.
Көрменің мақсаты - ғылыми және инженерлік ойлар саласындағы жастардың үздік жетістіктерін танымал ету және дамыту, озық тәжірибені тарату және тәжірибелік-құрастырушылық үлгілер мен ғылыми-техникалық жұмыстарды таныстыру.
Көрменің қорытындысы бойынша қордың көтермелеу сыйлығына ұсынылатын ғылыми жобаларды анықтау жоспарлануда. Көрмеге қатысушылардың барлығына сертификат табысталады.
«Қазақстанның жас ғалымдарының ғылыми жетістіктері» көрмесіне қатысуға өтініштерді 2021 жылдың 1 тамызына дейін мына электрондық мекен-жайға жіберу керек: roza@fnn.kz.