news-img

Бүгін Нұр-Сұлтанда Игорь Шпак, Георгий Крючко және басқа да украиналық қоғам қайраткерлері шығарған «Нұрсұлтан Назарбаев. Тарих сынағы» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

            Оған Нұрсұлтан Назарбаев Қорының директоры, жастар қоғамдық ұйымдарының көшбасшылары және басқалар қатысты.

             Кітап Украинаның 2-ші президенті Леонид Кучманың басшылығымен жазылған. Оны жарыққа шығаруды ERG (Еуразиялық топ) ұйымдастырды. Барлығы 250 дана кітап жарық көрген.

            Кітап 2017 жылы Леонид Кучманың президенттік қорының қолдауымен жазыла бастады.

            Авторлардың бірі Игорь Шпак кітап туралы айта келіп, тәуелсіз Қазақстан тарихының көп жағынан өнеге тұтарлықтай екенін атап өтті. Өйткені онда ел экономикасының жедел дамуы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың рухани құндылықтарды, халықаралық бейбітшілік пен келісімді нығайтуға бағытталған кемеңгер саясатын жүзеге асыру туралы айтылады.

            «Қазақстан мен басқа да бұрынғы одақтас республикалар арасындағы достық қарым-қатынас сақталып келеді. Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіз мемлекеттер достастығын құрудың белсенді бастамашыларының бірі болды. Ол мемлекеттер арасындағы қақтығыстарды бейбіт жолмен шешуді сенімді түрде жақтаумен келеді... Қазақстанның тәжірибесімен, оның көшбасшысының қызметімен танысу Украина үшін де, басқа елдер үшін де өте маңызды», - деп атап өткен Леонид Кучма «Нұрсұлтан Назарбаев. Тарих сынағы» кітабында.

            Жалпы, тұсаукесер рәсімі барысында кітаптың оқырманға Қазақстанның дамуындағы негізгі кезеңдермен еңбекте  ұсынылған кейбір деректі материалдар арқылы танысуға көмектесетіні айтылды.

Түсініктеме қалдыру